Бейсенбі, 23 Қараша 2017
Болған оқиға 1260 1 пікір 12 Қыркүйек, 2017 сағат 08:40

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы сотталды

Ақмола гарнизонының әскери соты биыл 24 тамызда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың қылмыстық ісі мен оған қатысты үш адамға үкім шығарған. Сот процесі жабық түрде өтті. Сот үкімі туралы ресми ақпарат кеше ғана Қазақстан Әскери сотының сайтында жарияланды.

Үкім бойынша, Нартай Дүтбаев мемлекеттік құпияны жариялады және қызмет бабын асыра пайдаланды деп танылып, жеті жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұған қоса Дүтбаевтың мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынып, оны "генерал-лейтенант" әскери шенінен және мемлекеттік наградаларынан айыруға ұсыныс жасалған.

"Дүтбаев ісі" бойынша сотқа тартылған Раис Мұратов пен Нұрлан Хасен де тап осындай қылмыс жасады деп айыпталып, екеуіне де бес жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған. Нұрлан Хасеннің мемлекеттік наградаларынан айыруға ұсыныс жасалған.

"Дүтбаев ісіндегі" соңғы сотталушы Ерлан Нұртаев "мемлекеттік құпияны жариялауға болысты" деп айыпталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы кесілген.

Әскери соттың ақпаратына қарағанда, үкім заңды күшіне әлі енбеген.

Нартай Дүтбаев – Қазақстан тәуелсіздігін жариялағалы бері өткен ширек ғасырда сотталған арнайы қызметтің екінші басшысы. Біріншісі – арнайы қызметті екі рет басқарған, ал 2008 жылы "мемлекетке опасыздық жасады" және "мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді" деген айыптар бойынша сырттай сотталған Әлнұр Мұсаев. ҰҚК басшылары ретінде Мұсаев пен Дүтбаевтың аты-жөнін ҰҚК сайтынан алып тастаған.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ні 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы ақпанның 22-сіне дейін басқарған. Ол оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысы бары анықталғаннан кейін отставкаға кеткен. Дүтбаев отставкаға кеткен соң ҰҚК академиясының басшысы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болды, аз уақыт "Қазатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының вице-президенті қызметін атқарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10411
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18633