Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3083 1 пікір 13 Қыркүйек, 2017 сағат 10:14

Түркіменстанда терактінің алдын алынғаны хабарланды

«Түркіменстан хроникасы» өткен айдың соңында ірі терактінің алдын алынғанын хабарлайды. Басылым дереккөзге сілтеме жасап, жарылыстың 28 тамызда ұйымдастырылмақ болғанын жазады.

«Түркіменстан хроникасының» хабарлауынша, арнайы қызмет күдікті екі адамды ұстаған.

«28 тамызда Түркіменбашы қаласының кемежайында арнайы қызмет терактінің алдын алды. Қаскүнемдер - ағайынды екеу, түркімен азаматтары. Олар Түркіменбашы мен Баку арасына қатынайтын «Бақтияр» кемесіне жарылғыш заттар алып кірмек болған», - деп жазады басылым.

Сонымен бірге ақпаратқа сәйкес, ағайындылар кемеге бірнеше билет сатып алған. Олардан бөлек кемеде 170 жолаушы мен ондаған автокөлік болған. Күдіктілер жарылғыш заттарды жеке-жеке алып кіріп, кеменің ішінде жармақ болған.

Маусым айында Азаттықтың түркімен қызметі дереккөздеріне сүйеніп, Түркіменстанның қауіпсіздік қызметі ел аумағында теракті болу мүмкін деген ақпарат алғанын жариялаған. Ақпарат түріктің арнайы қызметінен түсуі мүмкіндігі де айтылған. Онда теракті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының стилінде жасалынуы мүмкін делінген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516