Жұма, 29 Наурыз 2024
3143 1 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 09:08

Ашхабадта Азия ойындары басталды

Түркіменстан астанасында 17 қыркүйекте жабық залдағы спорт және жауынгерлік өнер түрлерінен бесінші Азия ойындары басталды. Оның ашылу салтанаты халықаралық жарысқа арнайы салынған Olympic Stadium стадионында өтіп жатыр. Стадион 45 мың адамға арналған.

Азия ойындарының ашылуы рәсіміне қатысу үшін Ашхабатқа Армения, Ауғанстан, Қазақстан, Молдова, Пәкістан, Тәжікстан, Татарстан мен Өзбекстан президенттері, сонымен бірге Ресейдің федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко барды деп хабарлайды Азаттықтың Түркімен қызметі.

Бас-аяғы 11 күнге жалғасатын Азия ойындарын өткізуді Түркіменстанның авторитарлы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің аймақтағы жетістігінің мысалы ретінде пайдаланып қалғысы келетін сыңайлы. Түркіменстан тәуелсіздігін жариялағалы бері бұған дейін мұндай көлемдегі халықаралық шара өткізбеген. Жабық залдағы спорт және жауынгерлік өнер түрлерінен бесінші Азия ойындарына дайындық үкіметтің алдына қойылған басты шарасы болды, бұл мақсатқа миллиардтаған доллар қаржы жұмсалды. Әдетте туристер үшін жабық ел болып келген Түркіменстанға бұл жолы ондаған мың турист келмекші.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа 62 елден 5,5 мыңнан аса спортшы қатысады. 13 жасар жүзгіш Жахан ара Наби жабық залдағы спорт және жауынгерлік өнер түрлерінен бесінші Азия ойындарына қатысатын ең жас спортшы ретінде пәкістандық 13 жасар жүзгіш Жахан ара Набидің есімі аталып отыр.

Ашхабадта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен жүр, ол бүгін Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен кездескен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2270
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584