Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3432 0 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 08:18

Қарыз

Жазушы Эмиль Золя туралы фильмнің басталуының өзі қызық. Суретші досы Поль Сезанн екеуі ескі пәтерде тұрып жатады. Жаңбыр жауғанда үй төбесі тесіліп, әбден мазалары кетеді. Үйдегі ескі-құсқы киіммен төбедегі тесікті бітеп, екеуі әбден шаршайды.

Есікті біреу қақса, пәтер ақысын сұрап келген үй иесі деп қорқып, Эмиль өтірік ауырып қалады. Әйгілі жазушылар секілді ол да жас кезінде жоқшылықтан қиналып, азаптанды: қарыз алу, қарызға бату.

«Достоевский» фильмінде Достоевский де бауырынан қайта-қайта қиылып ақша сұрап тұрады ғой. Өмірде де солай болғаны рас. Талай ақшасын карта ойнап, ұрттырды. Бодлердің анасынан қарыз сұрап, жылағандай жазған хаттары ше? Өзіміз жарымай жүріп, оның хатын оқып отырып, байғұс Бодлерді қатты аяйтынымызды қайтесіз?!

Бетховен досына мұңын шағып, жалынып, қарыз сұрап, хат жазып отырғанда, әрине, ғасырлар өткен соң, сол хаты аукционда миллиондаған долларға сатылатынын білген жоқ. Бетховеннің оқыған адамды еңіретіп жіберетін жоқшылық туралы хаты ХХI ғасырдағы бір миллионердің «бет-бейнесіне» айналды. Ал бұл миллионер сол заманда Бетховенмен бір қалада өмір сүрсе, Бетховенді жарылқамас еді...

Аягүл Мантай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604