Сәрсенбі, 18 Қазан 2017
Жаңалықтар 861 19 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 09:25

   EXPO-2017 көрмесінің арнайы кітабы шықты

 EXPO-2017 көрмесінің мәртебелі меймандарына арналған кітапқа 130-дан аса қолтаңба қалдырылыпты. Оған барлығы үш ай ішінде көрмеге келген 28 мемлекеттің басшысы мен 70-тен аса министр және 20-ға жуық үкімет басшысы, халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысты ой-пікірін білдірсе, енді біреулері тілектерін жазыпты. Ұйымдастырушылар «қолтаңба» кітабын көпшілік назарына ұсыну үшін оның электронды нұсқасын жариялауды жоспарлауда.  Ал түпнұсқасы «Нұр Әлем» кешенінде сақталмақ. «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ Департамент директоры Илья Уразаковтың айтуынша, аталмыш кітап «Нұр Әлем» кешенінде қалдырылуы мүмкін. Кітаптың ерекшелігі онда қол қойған тұлғалардың ерекше құттықтаулары мен тілектерінде. Әсіресе, Джибути президенті мен Фиджи, Кариб аралы, Тынық мұхиты елдерінің үкімет басшылары қолтаңбасы қалған кітап көпшіліктің қызығушылығын тудырады деген сенімде.

Абай-ақпарат

19 пікір
Томик 2017-09-26 16:55:53
Маңызы жоғары,тарихымыздың елеулі оқиғалары халықтығң жадында қашанда сақталуы тиіс
Дильназ 2017-09-26 15:01:55
Как раз-таки для тех кто не успел, книга в помощь.
Лейла 2017-09-26 14:59:53
Ал мен барып үлгермедім, мында жэазып жатқандарыдың барлығы болған екен. Молодцы!
Інжу-Маржан 2017-09-26 14:49:45
2 млн аса адам келіп үлгерген дегенді естігем, ниче себе көп қой. Маңызы зор деп есептегендіктен әрине
Маня 2017-09-26 14:44:25
Күшті ғой, Эксподан суреттерден басқа да естелік болу керек қой
Жұпар 2017-09-26 14:40:23
Өзімде ондай кітап жоқ болса да, Эксподан қырғын сыйлықтар алып алдым. сувенир де, сумкада. Индия павильонынан сумка алдым. ол енді бөлек әңгіме
Айнаш 2017-09-26 14:34:55
Әрине, бұндай кітап әркімге қызық болуы керек, осыншама елді аралай алмасақ та, барып қайтқандай әсер алдық. Енді соның естелігі ретінде бірдене қалуы керек қой
Лазым 2017-09-26 14:31:59
Электронды түрін қашан шығарады екен,көргім-ақ келіп кетті. Маған әсіресе АҚШ-тың тілегі қызық
Нозька 2017-09-26 14:28:31
130 аса қолтаңба деген күшті ғой..Мен сол кітапты көргім келіп тұр, сатылымга шықпайды ғой(
Гулим 2017-09-26 12:40:42
Кеше шығады деп естіген сияқты едім, уже шыққан ба? Міне жылдамдық))) Ал енді оны қайдан алып оқи аламыз?
Шантарам 2017-09-26 12:34:11
Если бы мне бы дали на это право я бы сделал так. Все государственные деятели мира которые оставляли свои пожелание и отзывы в одну книгу, тогда о самом ЭКСПО я бы написал книгу под названием-" В великой степи-международная выставка"
Гарри Поттер 2017-09-26 12:30:00
Электронды нұсқасы қай жерде және қашан шығады екен?
Чина 2017-09-26 12:09:25
Ол шыққан кітап музейге қойылады ма? Әлде мұрағатта тұрады ма? Қайдан көреміз
Тоғжан 2017-09-26 12:00:19
Меніңше Экспоға жерасты жолын жасап, соның қабырғасына осыларды жаздырса вообще жынды болатын. Ойым келмепті, соған дейін айту
Мамлук 2017-09-26 11:20:51
Ол кітап туралы нур.кз неғып шығармай жатыр) интересно, жұрттың қас қаққанына дейін салатын ед
Қияли қыз 2017-09-26 11:06:36
Сол кітапқа атау беруді маған ұсынса "Аңызға айналған Экспо" или "ЕРтегі Экспо" деп атаушы едім)))
Акма 2017-09-26 11:04:37
Мектеп бітірген жылы "выпускной альбом" болған. Соның соңғы парағын толытыра тілек жазып, қолтаңбамызды қойып едік. Есіме түсіп кетті ғой. Эхххх, қайтып келмес оқушылық күндерім ай, барлығын сағынып кеттім
Оралман 2017-09-26 10:43:16
Мұндай ауқымды шараға кітап шығармасқа болмас. Себебі 3 ай аумағында өткен осындай шараға кітап түгіл кино шығаруға да болады.
Дольче Габана 2017-09-26 10:23:42
Өзім де ойлап едім осы ЭКСПОға арнап бір кітап немесе сол секілді бір нәрсе шығаруы әбден ықтимал болуы мүмкін деген ойда болғам. Дегенмен ойлаған ойым шынайыға ұласты

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7634
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14855