Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3736 0 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 09:52

Жүзден жүйрік анықталды

Ақтөбе қаласында өткен республикалық "Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің" байқауында Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқауда ел аумағындағы 300-ден астам жас бақ сынады. Аудандық, қалалық, аймақтық іріктеуден іркілмей өткен 15 көркемсөз оқу шебері бүгін Ақтөбе қаласында ақтық сайыста өнер көрсетті. Байқау шартына сай алғашқы айналымда үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңде поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу талаптарына сай орындап шықты.

Қатысушылардың өнері мен білім деңгейін ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Қазылар шешімімен Ақмола облысының намысын қорғаған Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені иемденіп, 300 000 теңгенің сертификатын ұтып алды.

- Байқау өте жоғары дәрежеде өтті. Барлық қатысушылар өте талантты, дарынды. Расын айтсам, қазылар алқасының таңдауы маған түсетіндігіне де күмәнді болдым. Десе де, еңбегім бағаланып, жоғарғы нәтиже көрсеткендігі қуантады. Тілектестік білдірген барлық көрерменге алғысымды айтамын,- дейді Г.Қайыргелді.

Жүлделі І орынға Ділдә Хайран (Қостанай облысы) лайық танылса, ІІ орынды маңғыстаулық Әлібек Тағабердин еншіледі. Үздіктер үштігін Мейіржан Әлбеков (Шығыс Қазақстан) пен Оразбек Бахатхан (Павлодар) түйіндеді. Нұрсұлтан Отар, Әйгерім Байысбек, Жанар Нақоваларға ынталандыру сертификаты мен 50 000 теңге табысталды. Барлық байқау қатысушылары Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының "Алғысхатымен" марапатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544