Сәрсенбі, 18 Қазан 2017
Мәңгілік ел 749 0 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 11:17

«Айбыным Алаш» атты шығармашылық кеш өтеді

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры 2017 жылдың 5 қазанында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Айбыным Алаш» атты шығармашылық кеш өткізеді.

Алашорданың 100 жылдығына орай өткізіліп отырған кешке танымал ақындар, студенттер, оқушылар қатысып, Алаш қайраткерлерінің өлеңдерін жатқа оқиды. Сондай-ақ олар өздерінің Алашорданың бір ғасырлық мерейтойына арнап шығарған өлең шумақтарын жырға қосады.

Кештің мақсаты – Алашорда үкіметінің және Алаш қайраткерлерінің мұрасын қала тұрғындарына кеңінен насихаттау, Алаш қозғалысына жаңадан оң баға беріп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Алашорданың 100 жылдығы – Қазақстан үшін торқалы той. Мерейтой қаншама жанның тарихи жадын жаңғыртып, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін арттырады. 20-ғасырдың басында пайда болған ұлттық-демократиялық қозғалыс халықтың тек саяси өміріне ғана емес, мәдениетіне, әдебиетіне тың серпіліс әкелді. Қазақстанның тәуелсіз ел атануының арқасында кейінгі ұрпаққа өлшеусіз мұра қалдырған ұлттық интелегенциямыздың есімдерін қайта жаңғыртып, олардың ерліктеріне жаңадан баға беруге мүмкіндік туды.

Іс-шараға  Алматы қаласының зиялы қауымы, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысады. Кеш соңында қонақтарға арнап кофе-брейк ұйымдастырылады.

Салтанатты іс-шараның есігі кез келген жырсүйер қауымға ашық.

 

Басталуы: сағат 15.00

Мекен-жай: Алматы, Абылай Хан көшесі 105,

Қазақстан Жазушылар Одағы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7634
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14855