Сәрсенбі, 18 Қазан 2017
Осы ғой енді... 1632 10 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 17:56

"Жеңгетайымыз" әлі тайраңдап жүр

Біз өткенде Abai.kz сайтына осы мәселені қозғап, мақала жазып, Рудныйдағы қалалық мәслихат дептутаты Юлия Каралаш деген сылқымның жап-жас қыздарды шетелдерде жалақысы мол жұмысқа жіберемін деп, құқық қорғау органдарының құрығына түсіп қалғандығын жазғанбыз. Енді біз де, оқырмандар да мұның арты не болыр екен деп тағатсыздана күтіп отырғандығы айқын. Әзірге ештеңемен де қуандыра алмаймыз. Қайта күн өткен сайын күдігіміз молайып келеді.

Ал Юлиямыз да шалт қимылдың адамы екен. Жаман аты баспасөз бетіне шығар-шықпастан жедел қимылдап, Рудный қалалық мәслихатына өз депутаттығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жазды да жіберді. Мәслихаттың жылдамдығы да адам сүйсінерлік екен. Өтініш түскен күннен кейін үш-ақ күннің ішінде апұл-ғұпыл кезектен тыс сессия ашып жіберіп, Юлиямыздың өтінішін қуана-қуана қанағаттандырып жіберді. Мойындарынан бір ауыр жүк түскендей болды-ау, сірә.

- Мұндай жағдай бізге де оңай тиіп тұрған жоқ, - деп өздерінше ақталып бағады осы Рудный қалалық мәслихаттың хатшысы Валерий Лощинин.

Мұны естігенде есімізден тана жаздадық. Депуттардың барлығы да  жерге қарағандай күйде. Мұның өзі біздің бәрімізге де жағылған және жақын арада кете қоймас күйе болды.

Хатшының сөзіне күмәндана қою артық болар Алайда осы небәрі 25 жастағы, бұрын аты-жөнін ешкім де білмейтін, ешуақытта халыққа пайдалы ісімен көзге ілінбеген мүлдем бейтаныс жанның аяқ астынан былтыр депутат болып сайланып кеткендігіне мұндағылардың барлығы да аң-таң. Халықтың наразылығы күннен-күнге күшейіп келеді. Біреулер осы бір келеңсіз іске облыстық мәслихат тарапынан ешбір мәлімдеме жасалмай отырғандығына мүлдем түсінбейді. Ал сол облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов мырза да облыстағы депутаттық корпуста елең етерлік ештеңе болмағандай тым үнсіз күйде.

Ал енді әлгі жеңгейтамыз белді мүшесі болып табылатын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да мұнан мүлдем хабарсыз секілді қалып танытып отыр. Оның төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің сірә мұндай ұсақ-түйек істерге қолы тимей жатқан болар. Немесе одан мүлдем хабарсыз отырғандай сезінесіз. Әйтпесе өзі басшылық жасайтын партиясының бір мүшесінің жеңгетайлық секілді былықтарымен бүкіл елімізді шулатып жатқанда осы партия мүшесіне тиісті жаза беруді өз орынбасары Жаңабай Ысмайылов мырзаға қатаң тапсырмауы да әртүрлі ойға жетелейді. Өйтпеген жағдайда аталмыш партияның Рудныйдағы филиалы өз бетінше ештеңе тындыратын түрі байқалмайды.

Мұны аз десеңіз енді кезінде өздері бұл жайды айдай әлемге жария қылған облыстық ішкі істер департаменті бүгіндері ештеңе болмағандай тым үн-түнсіз отырғандығын қалай түсіндік?

Жайберген БОЛАТОВ, Қостанай

Abai.kz

 

10 пікір
Шулатып жегішке 2017-10-02 14:20:44
Бір жерінде ағызатын қаны болса өзің-ақ ағызып қарық болсайшы. Саған бердік мұндайды, жаза бер, тағы не қалды? Әне бір қатын бұрышта бір күйеуі емес еркекпен сөйлесіп тұр дейді, тезірек барып біл, жаз қанын ағызып, қан ағызғыш!
Шулатып жегішке 2017-10-01 19:45:41
Жейберген, айтқыш болсаң, баяғыдан бері неғып жүрсің көлгірсіп ? Аты-жөніңді жазып шындықты шыңғыртпайсың ба, қанын ағызып !
Жейберген Шулатып 2017-10-01 19:01:32
Осыны да сөз деп жариялап отырма ?! Премьер министрлерінің бірі сотталып, жазасын өтеуден безіп, шетелде қашып жүрген, бірі ұрлық пен коррупция үшін түрмеде жазасын өтеп отырған, әкімдері мен министрлері, генералдары ұдайы осындай қылмыс үшін сотталып түрмеде отырған, бір облыс әкімі мен бір мәжіліс депутаты, бір ұры банкирі шетелде әлі қашып жүрген мемлекет үшін бұл жаңалық емес. Әркім қолынан келген ұрлығын жасауда. Батыр болсаңдар осы қылмыстардың себебін айтыңдар, қандай мемлекетте өмір сүріп отырмыз деп айтыңдар. Айта алмасаңдар бүйтіп көлгірсудің қажеті не ?
Асеке 2017-09-30 09:44:59
Пигурасы жынды екен, маған тилифонын беріңдіерші...
87712924438 2017-09-30 02:11:34
Нуротан да Ким жок бари бар уры ма кары ма, проститутка ма, паракор ма, наркобарон бари бари топталган нуреке нин кланы
Есенгелді 2017-09-29 12:52:41
Оңбағандық пен Азғындықтың шарықтау шегі, бұл. Тупизмнің аппогейі, басқа не?! 21 -ғасырға келгенде, теп-тегіс жерде сүрініп, бүткіл әлемге масқарамыз шықты-ау!!!!!
ауылдан 2017-09-29 11:28:12
Еш шара қолданбайды. Есенғали шындықты жазған
Ерсін 2017-09-29 08:43:45
Есенғали ака қатырасың-ау. Бір күліп бойымды тарқатып алдым.
Есенғали, Антакиядан 2017-09-29 08:03:22
Бір жәлепке бүкіл облыс басшылары мен нуриктердің (нұрланған партияның) күші жетпесе, бұл нені білдіреді ? Бұл - бәрі сол "жеңгетайдың" клиенттері болғанын білдірсе керек ! Сол облыс басшылары (клиент болған) мен нуриктерге қарсы бұл "жеңгетай" компромат жинап, онысын 1 вагон һәм 1 тележкаға тиеп қойған болса, қасқалардың үні шыға ма ? ! Қазіргі технология дамыған заманда жәлепке үн қатпақ түгілі, үйіңдегі қаракемпіріңе бірдеңе айтуға қорқасың (жасырын видеокамера, смартфон ...).
Адайшал 2017-09-28 21:48:31
Сайланбай тағайындала салатын жепутаттардан басқадай не күтіп едіңдер, бұл жәлепте бір дөкейді "сылқыйттыда" отыра кетті, соң бұрынғы әуеніне басты, көсеу көргенін істейді, бұған кімді кіналаймыз.Ұрылары сол қалпі ұрлығын жалғастыруда, суайттары 40-50 жыл алға ысырып қойып елдің басын қатыруда. Міне, сайлаусыз тағайындалған "халық жауларының" тірлігі басқадай болуы мүмкін емес.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7634
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14855