Сәрсенбі, 18 Қазан 2017
Осы ғой енді... 1805 8 пікір 3 Қазан, 2017 сағат 20:26

Қасымовтың қай бұйрығына бағынамыз? 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығының 10 тармағына  (негізі, 6)-тармақшасына) «(ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРЫН ҚОСПАҒАНДА, ЕГЕР ӨЗГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДА КӨЗДЕЛМЕСЕ);» - деген  толықтыру енгізіліп, ескертпе қосылғанын, сөйтіп тұрақты тіркеуге тұруда ҚХР-дан келген қандастарымыздан «Соттылық туралы» анықтама талап етілмейтінін естіп, қуанғанымыз кеше ғана болатын (http://abai.kz/post/59237 ).

Бүгін Темірбек атты азамат Арқа төсінен телефон соғып, Ақмола облысының аудандық Көші-қон полициясы бөлімдері "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» деген Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №315 бұйрығын (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011203 ) кесе көлденең тартып, тұрақты тіркеуге тұруға өтініш білдірген ҚХР-дан оралған қандастарымыздан әлі де «Соттылық туралы» анықтама талап етіп отырғанын жеткізді.

Аталған бұйрықты ақтарып көрсек, айтты-айтпады, №315 бұйрықтың  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы болу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:» деген 9-тармағында «азаматтығы тиесілілігі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;» деген 7)-тармақшаның еш өзгеріссіз, ескертпесіз, сіресіп тұрғаны рас екен.

Көші-қон қызметі полициялары соны сылтауратып, қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруға ұсынған құжаттарын қабылдамай, тістей қатып отырған көрінеді...

Ал, біз болсақ, «ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТІРІ Қ.ҚАСЫМОВТЫҢ ҚАЙ БҰЙРЫҒЫНА БАҒЫНАМЫЗ?!» деп, басымыз қатуда..!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

8 пікір
9 2017-10-05 21:19:23
Ей қытайлықтар деген сөзіңді басқа келімсек терге де айтсаң болады:мысалы украйнда соғыс болғаны үшін ор-тар көп келді олар өте көп келді десантпен аспаннан түскендей-ал оларға неге осылай əкіреңдемейсің?,кишкің тонка ?сенің кім екенің белгілі -,,, сайран-қазақбай атпен жазушы-қытайдан келген қазақтардың ата жауы,,,,
Ей, қытайлықтар!!! 2017-10-04 21:14:04
Ей, қытайлықтар, заңды сақтасаңдаршы! Сендер мүмкін сол ықтиярхатты, кімнен, қалай алғандарыңды да түсіндіре алмауларың күдікті ғой. Қалай алғандарыңды, пара төленді ме - бәрін заң органдары тексерсін. Бөтен бір мемлекете тайраңдап келіп алып, өтірік құжатпен тұрып алғысы келу, ол жерде заңды құжат талап етсе, басқа облысқа барып, тағы жалған ықтиярхат алу --қылмыстың қылмысы ғой. Сондықтан бәрі жауап берсін, заңсыз болса Қазақстаннан қуылсын.
қазақ 2017-10-04 16:38:57
Майқы би бабамыз есектің түгіндей заң шығады,орындалмайтын деген екен.Мына түрімізбен шет жақтағы қандастарымыз жинау арманға ұласар.
Шәріпхан Қайсар 2017-10-04 11:12:45
Маған қазір ғана Ішкі істер министрлігінен телефон келді, осы мәселе жөнінде хат дайындап жатыпты, барлық облыстарға №992 бұйрық бойынша жұмыс алып бару туралы ұқтырылмақ. Сабыр ете тұрсаңыздар, мәселе шешіледі, «Соттылық туралы» анықтама талап етілмейтін болады...
Ергали 2017-10-04 10:21:14
Қайырлы күн бұл нақты қай ауданда екен? егер ағайындары көп Ерейментау ауданында болса маған қабарласыңыздар. немесе сол азаматтың байланыс нөмерін беріңіздер көмектесіп шешіп беремін. жоғарда көрсетілген электронды поштама хабарласарсыздар
Айназия 2017-10-04 07:51:39
Масқара сөз бен іс екі түрлі ел бізде ғана.сөздер іске бағынбайды.
Түңілген 2017-10-04 03:06:00
"Асатпай жатып құлдық" деген қазақтарға таңқаламын.
Түңілген 2017-10-04 03:01:34
мен айтып жүрмін ғой, Қасымовтың ақыл-есінде бір мүкіс бар деп. Ол тек қиратуды, қыруды ғана біледі. Адамзатқа ол жақсылық жасай алмайды.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7634
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14855