Сейсенбі, 19 Желтоқсан 2017
Білгенге маржан 1310 26 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 11:40

Кенесары ханның «Ұлт-азаттық көтерілісінің»  180 жылдығы қалай аталып өтпек?  

Алдыңғы мақалаларымызда Қазақтың соңғы ханы – Кенесарының, серіктерімен бірге шейіт болғанына биыл 170 жыл толып отырғандығы және осы айтулы оқиғаларды зерделеу үшін, үстіміздегі жылдың 7-қазанында, қасиетті Тараз жерінде арнайы ғылыми-танымдық конференция және қазақи-діни тұрғыдағы «ас» берілетіндігі туралы бірнеше рет хабарлаған болатынбыз.

Кенесары Хан десе, елең етпейтін қазақ жоқ! Ол түсінікті де, өйткені, Қазақтың соңғы ханы – өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен, халыққа деген риясыз көңілімен ел есінде мәңгі қалған! Хан туралы зерттеулер, жазбалар, ауыз әдебиетіндегі толғамдар, біршама баршылық екенін де айта келіп, биылғы маусым айында арнайы жинақ шыққанын да атап өткен жөн.

Осы, ізгі іс-шаралар қалай өтпек екені туралы жоспарлармен таныстырсақ:

  • Қонақтардың келуі: 06.10.17. «Тараз» қонақүйі. (2 орындық бөлмелер). Қонақтардың өзара танысуы 19-00.
  • Ғылыми-танымдық конференцияның басталуы: сағат 10-00. Жамбыл облыстық қазақ драма театры ғимараты.
  • Қазақи-діни тұрғыдағы «Ас», басталуы: сағат 13-00. Тараз, «Абай» көшесі, «Бақ-Сарай» мейрамханасы.
  • «Қарахан» хан кесенесін, сонан кейін «Көне Тараз» музейін аралау, танысу.
  • «Керей мен Жәнібек» хандардың ескерткіш-стелласына тағзым ету; Қайтатын қонақтардың қоштасуы.

Ұйымдастырушылар атынан: Аман ШотаевМосқау Ноқрабеков

Abai.kz    

 

26 пікір