Жексенбі, 19 Қараша 2017
Деп жатыр 1342 4 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 10:03

Ердоған Киевте Қырым татарларын қорғап сөйледі

 

Киевке ресми сапармен барған Түркия президенті Тайып Ердоған өз елі Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын қолдайтынын айтты. Ердоған 9 қазанда украиналық әріптесі Петр Порошенкомен бірлескен мәлімдеме жасап тұрып Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын "мойындамай келгенін, ешқашан мойындамайтынын" мәлімдеді.

Ердоғанның сөзінше, Түркия Қырым татарларының басындағы ахуалды жіті бақылап отырады. Ол Украинаға Қырым татарларының құқықтарын қорғап жатқаны үшін алғыс айтты.

Ресей Украинаның құрамындағы Қырым автономиялық аймағын 2014 жылғы наурызда аннексиялап алған еді. Мәскеу түбекке әскер кіргізіп, тәуелсіздік туралы референдум ұйымдастырған. Референдумның нәтижесін көптеген ел әлі мойындамайды. Ресей Украинаның шығысында бас көтерген сепаратистерге дем беріп, қарулы қақтығыс кезінде 10 мыңнан астам адам өлген.

Халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Мәскеуге қарсы шыққан Қырым татарларының қудалауға ұшырап жатқанын айыптап келеді.

9 қазанда Украина президенті Петр Порошенко Twitter парақшасында:

"Бүгін Қырымдағы Украина азаматтарының құқықтары мен бостандығын халықаралық механизмдер аясында қорғай беруге келістік" деп жазды.

Киевтегі үш сағаттық Украина-Түркия келіссөздерінен кейін екі жақ бір жылдық сауда айналымын 3.8 миллиард доллардан 10 миллиардқа дейін өсіруге уағдаласты деп хабарланды.

Abai.kz

4 пікір
Бекжан 2017-10-11 22:46:44
Ердоған түркі халықтары ғана емес барша мұсылман әлемін қорғауға дайын тұратын адам. Ол осы ерлігімен өз халқының кешегі жарты әлемді билеген Осман Империясының мұрагерлері екенін әлемге мойындатуда. Инша Аллах, әлі Түркия әлемдік державалар қатарынан көрінер күн туар! Сонда ғана Орта Азиядағы түркітілді мемлекеттер Ресей мен Қытайдан көп қаймыға қоймайтын болады.
Есенгелдіге 2017-10-11 01:58:28
Логикаңыз қызық екен. Қырым татарлары орта қазақтардан бақуатты тұрып жатыр деп кімді сендірмексіз. Тірті солай болған күннің өзінде ұлыорыстық шовинизмнің шеңгелінде өмір сүрудің қаншалықты қасірет екенін білмеуші ме едіңіз. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін атажұртында қарасы көбейе бастаған қырымлар (қ.татарларының шын атауы) Украин билігінен теперіш көрген жоқ. Әсіресе, Ющенконың кезінде мешіт, мектептерін ашып арқа-жарқа болып қалған еді. Орыс келіп ойран салғанға дейін. Саяси құғын-сүргін жағдайында өмір сүріп жатқан халықта қай бір оңған тұрмыс болсын.
жəй Қазақ 2017-10-10 22:13:17
Мемлекет басшысы, Ел басқаруда қателік (тазасы) жіберсе де, түбі бір Түркіні қорғауға тырысу керек. Ердоғанның едіреңі көп болсада, пиғылы дұрыс. Орыс бүткіл Түркіге Ата жау, сондықтан Ресейді ыңғайы келген жерде шала берген жөн, тамшы тас теседі.
Есенгелді 2017-10-10 14:33:10
Президент Р.Т.Ердоғандыкі бос сөз. Түркия - Қырым түбегіндегі татараларды қорғай алмайды. Жәнеде оларды қорғап қажеті жоқ. Оларға еш мемлекет қысастық жасап отырған жоқ. Осы жазда Қырымда (Алушта, Феодосия т.б.) болдым, ондағы татарлар Қазақстандағы орта қазақтардан әлде қайда жақсы тұрып жатыр. Сондықтанда, әлемдік саясаттағы рейтингісі төмен басшылардың (арабтардың шейхтары, африкалық Мбенелер, орта азияның диктаторлары мен "демократ" А.Атамбаевтардың саяси сөздері, көшедегі шәуілдеп үрген бұралқы кәнден иттің Пілге үргені сияқты болады да тұрады.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10036
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18139