Сенбі, 21 Қазан 2017
46 - сөз 767 0 пікір 11 Қазан, 2017 сағат 08:18

Дөкейлердің көлігін, Жанай жүрші көкшолақ...

Су жаңа өлең шығардым! "Айтам" - деушілер жекпе-жекке шығып жатыр. "Көкшолақ" деген, жо-жоқ, "Narynkol Patrol" деген пәпуләрный патролдық, тойыс, патриоттық ән болды сразым.

Екіспо мініп келдім көкшолақ-ты,
Қарны тоқ, арызы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Жарымай тұрсақ тағы ішер асқа,
Білдірмей аттандырдық көп қонақты.

Қ-сы:
Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші көкшолақ.
Дөкейлердің көлігін,
Жанай жүрші көкшолақ.
Жемсіз қалғыр көкшолақ,
Кенсіз қалғыр, көкшолақ,
Көңсіз қалғыр, көкшолақ.

Мінгенім астымдағы есек арба,
«Бензін» - деп жыламайтын кесек арба.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Қаласаң бола кетер төсек арба.

Даңғаза не қалды енді өтпей жүрген,
«Өткізсек» - деп көкейден кетпей жүрген.
Үндемес халқың барда өткізе сал,
Қазаққа әдет болды жетпей жүрген.

Мен өзім Алматының көк есегі,
Баста ми, бойда ерік жоқ есегі.
Мазақ боп қырғыздардың шыбышына,
Уәде мен өтірікке тоқ есегі.

Асқар Наймантаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7851
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15181