Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3578 2 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 09:42

Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері кездесті

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты 18 қазанда Бақытжан Сағынтаев қырғызстандық әріптесі Сапар Исаковпен кездескенін хабарлады.

Рәсми мәлімдемеге сәйкес, үкімет жетекшілері жеке жүздескен. Одан кейін екі елдің министрліктері мен ведомстволары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген.

Премьер-министрдің вебсайты келіссөздер кезінде нақты қандай мәселе көтерілгенін анықтап жазбаған. Екі елдің арасындағы сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында 400 миллион АҚШ долларына жуықтағанын, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға өскенін атап өткен.

Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.

Abai.kz

2 пікір