Жұма, 29 Наурыз 2024
Айбын 4250 2 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 10:46

Сарбаздар сапқа тұрды

Аталардан аманат болып жеткен Ұлы Дала Елі – Қазақстан Республикасының әскері атанып, өзінің Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу бүгінгі таңда әрбір жас азаматтың арманы десек қателеспейміз.Соңғы жылдары жастардың әскери  міндетін атқаруға деген құлшынысы артып келеді.Мұның өзі күн сайын заман талабына сай жан-жақты өркендеп, кәсіби деңгейі биіктен көрініп жатқан  Қазақстан Қарулы Күштерінің абыройы десек қателеспейміз...

Алматы Облысы, Ұйғыр ауданының Қорғаныс  істері жөніндегі басқарма бастығы капитан Сұлтанмұрат Сұлтанұлы Гаппаровқа хабарласып, жастарды күзгі әскерге шақыру шаралары туралы қысқаша айтып беруін өтінген болатынбыз.

-Биылғы күзгі әскерге шақыру маусымы барысында да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Ұлттық Ұланның, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдері жасақталады.Әскерге шақыру ауданымызда жылына екі рет, көктемде және күзде жүзеге асырылады.Үйғыр ауданы бойынша 200-ге жуық жас өрендер міндетті әскери шақырылады. Мәселен, 18-ші қазан күні 20 жас сарбазды мерзімді әскери қызметке шығарып салдық.

-Әскерге шақырылушы азаматтарға қандай басты талаптар қойылады?

-Бірінші кезекте мынадай талаптарға сәйкес азаматтарды: жоғары білімді,өндірістік біліктілігі бар мамандық түрі,  отбасылық жағдайы, дене және әскери дайындығы, денсаулығы, моральдық-іскерлік қабілеттері бар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырамыз.Сондай-ақ, Қарулы Күштердің түрлеріне    сәйкес, бөлімшелерге бөлу шақырылушының қабілетін ескере отырып жүзеге асырылады.Жастардың Отан алдындағы азаматтық борышын атқаруға деген құлшыныстары қатты қуантады.

Сөзіміз құрғақ болмауы үшін әскерге шақырылушылардың бірін сөзге   тарттық.

-Әрине, мен үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында әскери қызмет атқару, сарбаз болу үлкен мақтаныш.Туған еліміздің тыныштығын қорғау біздерге міндет, ата-анамыз үшін зор қуаныш!- деп ағынан жарылды жас сарбаз.

Біз жалындаған жастардың отансүйгіштік рухта өсіп келе жатқанына тәнті болдық.

Жаңабек Тойбазаров

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576