Жұма, 24 Қараша 2017
Әдебиет 833 5 пікір 8 Қараша, 2017 сағат 13:57

Жеңістің жеңілісі

 

Әңгіме  

Үлп еткен жел болса болды, ызыңдап мазасын алып, улап-шулап басын ауыртқан, сыңғырлай күліп шаршатқан жаздағы тал қайыңның жапырақтары көз алдында бірінің артынан-бірі қара жерге сұлап жатты, бүгінде жапырақтарын сағынған тал-терктер қулазулы, адамдар жаздай саясында салқындап, ыстықтан қорғансада, оның бәрін ұмытып, жапырақтарды сатырлата аяусыз басады, ол аздай көше тазалағыштар жинап, көзінше өртеп жеберді, күзгі желде сопа басы қалған кәрі ағаш “барлық нәрсе мәңгілік емес” деп мұңлы күй шертеді, енді аз күнде өзі де өледі, тек тәні қаңқайып қыстай қардың астында құр қаңқасы қалады...

Жеңіс те көңілсіз... Тымырсық ауа тынышын кетіріп, жанын жабырқатты. Мазасыз оймен ұнжырғасы түскен Жеңіс Көпжасар ауданынан шешесіне ілесіп тартыншақтаған бұзаудай зорға автобусқа мінді. Көлік баяу қозғалды. Дәл осылай шешесі 11жылыдың алдында жалғыз ұлын бірінші сынпқа апарған еді, сонда қуанышында шек болмаған, бүгін университетке апара жатыр, алайда шешесі де баласы да жабырқаңқы. Бірінші сыныптан бастап жақсы оқыған Жеңіс түрлі олимпияда да жүлде алып мақтаумен өсті, өз сыныптарындағы Ұшқын, Арай, Құндыз, төртеуі бар 4-сыныптың абыройын көтеріп, мектептің атын шығарды, сонда бәрі маңдайынан сипайтын, бұлардан бақытты адам жоқ еді ол кезде, 5-сыныпта сол төртеуі басқалардың бәрін шала сауат қалдырды, ағайлар мен апайлар тек сол төртеуін оқытты...

Міне қазір оның бірі жоқ жыламсырап келеді. 9-сыныпта түк білмейтін Тұрсын алдын орап ақшамен колледжіге түсіп кетті, өзінің сонда кедей баласы екенін тұңғыш рет сезінді, пәк жүрегі әділетсіздікті тұңғыш рет сезінді, жаны мұжылды, содан бастап «маған бәрі бір» деп тек қара толтырып жүрді, жатса-тұрса ойлағаны «топастардың» өзінен бұрын оқуға түскені жанын шыжғырды.

Жеңістің бала жүрегі әдлетсіз құрылған әлемнен (әділдік болса жайқалып тұрған көк шөпті қой, біз қойды жемес едік) әділдікті аңсады. Мектепті бітіруге де таяды, ертең емтихан, түнге қарай есік қағылды, өзіне таныс дауыс, ертеңгі емтихан жауабын қолфонда «уатсап және келте хаттар» арқылы толық балл жинап бергіштерді көрді, аке шешесі ақша іздеп зыр жүгіріп ештеңе таппады, ертесі емтихан натижесінде көбейту кестесін білмейтін Азамат 118 балл алыпты, ал өзінің жинағаны 76 балл, қайтерін білмей шыңғыра жылап үйіне тұра қашты, өз ортасына өкпесі қара қазандай Жеңіс 11 жыл текке оқығанына бармағын шайнады. Мектепке де келмейтін Жоламан әне116 балл жинапты, әкесі ақша тапқанда ғой шіркін... басқалар таңдаулы университетке түсті, ал Жеңіс өзі қаламайтын жоғары оқу орнына зорланып келе жатқан жайы осы,  ақша төлемейтін «түрік квотасына» ілінгені әкесіне майдай жақты.

Жаңа ортада жақсы білім алуды армандады. Түркістандағы Қазақ-Түрік унверситеті қытай тілі мамандығына түсті. Жеңіс бір семестр жақсы оқыды, қалың сызықтан тұратын қытай әріптері оны жалықтырмады, қайта«жалпы тіл білімі, тіл біліміне кіріспе, арнайы филологияға кіріспе,  классикалық филология, лингвистикалық ілмдер тарихы, мәтін лингвистикасы» қатарлы түбі бір ұқсас қайталана беретін пәндерден жадасада тырыса жақсы оқыды. Одан да мамандыққа қатысты пәндерді көбейтпей ме,- деп қынжылып жүріп, алғашқы 4 айда түрік тіліне тіл сындырды.

***

Бақан ағайдың сабағы.

Шай, кофе ішуге келетін студентер бірден, екіден кешігіп келіп жатыр, кешіккенді құр отырғызбай сабақ сұрайтын ағайы Жеңісті тақтаға сөйлем құрауға шақырды, тілін тістеп ол мүлдем құрай алмады, артынша, тобындағы томпақ Әселді шақырды, ол тамаша сөйлем құрады, жақсылап Әселден үйрен деген ағайдың сөзі Жеңіске басқаша естілді. Ақұбаша әсем Әсел, көктегі ақ бұлтан жаратылғандай әдемі еді. Жеңістің денесі бір ысып, бір суыды. Жатса тұрса қиялына түнеп түсінде Әселмен сяабақта жүрді. Студенттің сырын ашатын сессия да басталды. О, таубе кейбір пәндерді қанша жақсы тапсырса да құлады, сабаққа келмей жүретін Еркін бар сабақтан 5-тік баға алды, ал, ақшасы жоқ Жеңіс 3 сабақтан қайта тапсырып зорға 3 алды, жер бетінде әділдіктің жоқ екенін шындап сезінді, ол кәдімгі адамдарша әділетсіздікпен күресуін бастады. Кейбір ағайлары сабақты өтуді білмесе де, ақша алуда өте үздік екенін білді. Енді, міне, сессияға үйден ақша сураудан арланды, үйінің жәйі өзіне мәлім, кәрі әже оларды, олар кәрі әжені бағып қалтырап отыр. Көктемгі семестрден бастап Жеңіс қаладағы бір жанар май бекетінде түнгі жүмысқа тұрды, күндіз аудиторияда ұйықтап отырады, топ- толық оның екі беті пышақ жанығандай  арықтады. Сертке ұмытшақтау қожайын өзбек ай аяғында Жеңіске ақша бермек тұрмақ өзін қарыз етіп шығарды. Енді базарда түнгі зат тасушы болып жалданды, одан тапқанын сессияға дайындады. Әсел тұрмақ бас қайғы, арықтағанда бақырайып көзі ғана қалды. Солай екінші семестрде басқалар сияқты ақшамен жауып кәдімгідей студент боп қалды, байқұс әке-шеше қайдан білсін баласының жанын жанға ұрып жүргенін, неге арықтап кеткенсің десе ауырып жүрімін деп күмілжи жауап қатты. Жаздық демалыста біраз шыр жинап, Жеңіс келесі қүзгі семестрге келді, оқуға емес, жалдануға келді, күздің түні суық, енді тойхананың біріне даяшы болды, тамағы мен киімі әкесі мен шешесінен, оқу қаражаты оқу орнынан, ал Жеңістікі сессия қамы, қазақ қаласында күн құрғамай той, Жеңісті екі ай тыным таптырмады. Қаланың ең үлкен салтанат сарайы, қыз бен-жігіт көктен түскендей есіктен емес, сахана жанынан пайда бола кетті, елдің барлығы таң-тамаша шапалақ ұрып қос жұбайды құтықтады, кілең байлардың алпауыт көліктері тойхананың алдында тотыдайын таранып бірімен-бірі иық тірестіріп тұр, ақшалы топ келін көрімдігіне  саусақ ұшы тимеген шетелдік көк қағаздарды  жарыса тастады, ары қарай қарауға батылы жетпеген Жеңіс суханаға кіріп үстін ары-бері көп қасыды, іші күйді, жанды, той соңында екі жұпқа жеке ұшақ силады тойшыл қауым, өзінің неге кедей  отбасында туғанына қатты налыды, бірақ Жеңістің әке-шешені таңдау құқы жоқ еді, сөйтіп жүріп біраз ақша жинады. 4 семестрден бастап тіл білмей жүрген бұларға қытай әдебиеті және әдебиет тарихы пәні қосылды «сиырдың құлағына домбыра шерткендей әңгіме екен» бұнысы деді Жеңіс. 4 курста студентің шынайы білімін байқап көру мақсатымен алынатын бейтаныс бес пәнненен алынатын (ВОУД) емтихан тапсырған Жеңісті ақшасы құтқара алмады, олар басқа жақтан келген «жергілікті заңдылықты» түсінбейтін жандар, оқудан шыққан Жеңіс осылай өмірдегі әділетсіздіктің салдарынан ойсырай жеңілді.

Бар жүгін арқалап, бес пәнге лағнет айта көлікке мінді, біраз ақша жиып мектеп директорына берсем неге мұғалым болмасқа, ана басындағы орамалын жөндеп тарта алмай жүрген шуаяқ жеңгем мұғалім болғанда мен... деп,- жоғалған арманын қайта тауып көліктен қуана түсті. Ақшамен сатып алып ғылым кандидаты, ғылым доктры болып, мүйзі қарағайдай болған ағайларын да тыңдады ғой, сабақ өтудің оншалықты қиынға түспейтінін білді, ойдым-ойдым асфальт, баяу басып Жеңіс келеді, қас қарайып, шам жағар шақ таяп барады, тек жол жиегіндегі, шалшықтағы бақалар шұрылы құлағын тұндырды, жотасындағы зіл батпан жүк Жеңісті езіп барады ...

 Абдырақын Нұрхалық

Abai.kz  

          

 

5 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10434
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18677