Жұма, 24 Қараша 2017
Деп жатыр 1232 12 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 08:27

Қылмыс жасаған жасөспірімнің әке-шешесі де жазалануы тиіс

Соңғы бес жылда ажырасулардың саны 4 мыңға артып, 51 775-ті құраған. Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Әли Бектаев осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі қоғамда отбасы құндылықтарының құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Бұған дәлел қарттар үйлеріне өткізілген егде адамдардың көбеюі. Әлеуметтік мекемелердегі қарттар саны соңғы 5 жылда 26 пайызға өскен. Өкінішке қарай, олардың 40 пайызының балалары бар, алайда түрлі жағдайға ұшыраған. Ата-анаға деген құрметтің азаюы отбасы құндылықтарының төмендеуінің басы деп айтуға болады», - дейді сенатор.

Депуттаттың пайымынша, неке құрған жас отбасылардың арасындағы ажырасудың аса қауіпті деңгейге жеткені де соның салдары. «Соңғы бес жылда ажырасулардың саны 4 мыңға артып, 51 775-ті құраған. Бүгінгі таңда жас отбасылардың арасындағы ажырасу деңгейі ауылдық жерлерде 27 пайыз, қалаларда 40 пайызға жеткен. Олардың 40 пайызының некесі алғашқы 5 жылда бұзылады екен.

"Қазіргі үрдістердің себебі тек қана әлеуметтік, экономикалық мәселелер деп айту әбестік болады. Басты себеп -  отбасыдағы тәрбиенің, құндылықтардың құлдырауында. Бала өмірге келгеннен бастап, өсіп азамат болғанына дейін оның тәрбиесіне тек ата-ана жауапты. Өкініштісі, баланың тәрбиесі де, оқуы да, денсаулығы да бүгінде тек мектептерге артып қойылған. Ұлы мен қызының қайда жүргенін кейбір ата-аналар сұрамайды да. Баласы бұзақылық немесе қылмыс жасаса да, ата-ана мүлдем жауап бермейді", - деп тоқталды ол.

Депутаттың атап өтуінше, бүгінгі қоғамымызда қыз тағдырын тәлкек еткендер, жеңіл жүрісті қыздар, тастанды балалар, ата-аналық құқықтан бас тартқандар көбейді. Еліміздегі 6 әйелдер колониясында 2 161 қыз-келіншек жазасын өтеп отыр.

«Әйел өздігінен қылмыс жасамайды. Егер заң бұзушылыққа барса, оның астарын әлеуметтік проблемадан іздеу керек. Қыз-келіншектерді түрмеге жапқаннан гөрі кешірім жасап, оларға көмек көрсеткен абзал. Түрмеге түскен қыз баласы түгілі, ерлердің арасынан сана-сезімі психологиялық деформацияға ұшырамаған жанды кездестірудің өзі қиын. Қоғамда қызға, әйелге, анаға, балалы отбасыларға деген көзқарасты мүлдем қайта қараудың уақыты келді», - дейді сенатор.

Осыдан кейін Ә. Бектаев бірқатар ұсыныстарды енгізді. Бұл ретте Қазақстанда отбасылық саясатты заман талабына сай дамыту мақсатында елімізде отбасыларды қолдау және отбасы құндылықтарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама қабылдау, сонымен қатар отбасы құндылықтарын жан-жақты зерттеу, заманға бейімдеу, өмірге енгізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан арнайы Неке және отбасы ғылыми-зерттеу институтын ашу жөніндегі пікір айтылды. Мұнымен қоса, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту мақсатында «Отбасылық өмірдің рухани негіздері» деген арнайы пән әзірлеп, оған лайықты оқулықтар дайындап, мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды. «Ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР Әкімшілік кодексіне бұзақылық немесе қылмыс жасаған жасөспірімдердің әке-шешесіне әкімшілік шара қолдану жөнінде бап енгізуді, отбасының бұзылуын тежеу мақсатында неке бұзуға төленетін баж салығының көлемін жұптарға материалдық тұрғыдан сезілетіндей етіп көбейту ұсынылады», - деді Әли Бектаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10434
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18677