Жұма, 24 Қараша 2017
1121 55 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 08:46

Қазақстан Қырғызстанның кейбір тағам өнімдерін кіргізуге тыйым салды

Қазақстан "техникалық регламент талабына сәйкес келмейтіндіктен" Қырғызстанның бірнеше компаниясының тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салды. Бұл туралы 10 қарашада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы, елдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, сүт өнімдерін шығаратын "Ақ сүт" компаниясының, "Куликовский" кондитерлік кәсіпорнының және ірімшік өндіретін "Эмиле" компаниясының кей өнімдеріне тыйым салынған. Осыған дейін Қазақстан қырғызстандық "ТМ Риха", "Вимм-Биль-Дамм" компанияларының өнімдерін импорттауды тоқтатқан.

"Былтыр қырғыз өнімдерінің төрт пайызы техникалық регламентке сәйкес келмесе, биыл бұл көрсеткіш он пайызды құрады. Яғни, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі екі жарым есеге төмендеді", – деп атап өткен Бекшин.

Қазақстанның бас санитар дәрігері сонымен бірге қырғызстандық өнім өндірушілер тауарды Қазақстанға контрабандалық жолмен енгізуді де тоқтатпай отыр деді.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан тарабы қазанның 21-і мен 28-і аралығында "заң талаптарын бұзғаны анықталған" 100 тоннадан аса өнімді ел аумағына өткізбей қойған.

Женевада 10 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) кеңесінің отырысында Қырғызстанның Қазақстанмен шекарадағы жағдайға байланысты шағымы қаралды.

Abai.kz

55 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10434
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18677