Жұма, 24 Қараша 2017
Әне, көрдің бе? 327 0 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 13:39

 «Үздік сабақтың» үздіктері анықталды

 

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға қатысып, үшінші орын иеленген Ақмарал Сағынбайқызы Abai.kz ақпарат порталының тілшісіне Қазақтың дәстүр-салты арқылы қазақ тілін оқытудың, яғни тіл үйренушінің ұлттық дүниеге қызығушылығын арттыру арқылы оның тілге деген ынтасын ашуға болатындығын айтып берді.

- Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін оқыту методикасына мән беру керек. Ересектер мен балалар психологиясы мен деңгейіне қарай инновациялық технологияларды практикада пайдаланған абзал, - дейді Ақмарал Сағынбайқызы, -  Мен байқауға ересек А1 деңгейіндегі азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту методикасын ұсындым. Қазақтың дәстүр-салты арқылы қазақ тілін оқыту, яғни тіл үйренушінің ұлттық дүниеге қызығушылығын арттыру арқылы ол тілге деген ынтасын ашуға болатындығын көрсеттім. Жалпы осындай байқау ұйымдастырып, тіл мамандарының тәжірибе алмасуына, өз ісіне деген қызығушылығын арттыруға себеп болған «Тіл әлемі» порталының ұжымына алғыс айтамын.

Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы ағымдағы жылдың 4 тамыз – 7 қыркүйек аралығында «Үздік сабақ» байқауын жариялаған болатын. Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен, мектеп мұғалімдері мен сала мамандары тарапынан мемлекеттік тілді оқытудың сан түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды. Арнайы құрылған қомиссия байқауға жолданған 500-ге жуық материалдың 300-ін ғана іріктеп, сайтта жариялаған еді. Байқау қорытындысы бойынша:

«Бас жүлде» - Серікбаев Нұрмұхамед Әмзеұлына

 

І орын – Қалдыбаева Гүлнар Анарбекқызына

 

І орын - Нұрмағамбетова Нұрсәуле Абзалқызына

 

ІІ орын - Сыздықова Армангүл Мұхтарқызына

 

ІІ орын - Бахытова Әсел Манасқызына

 

ІІІ орын - Ерботина Анара Амантайқызына

 

ІІІ орын - Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызына

 

ЫНТАЛАНДЫРУ сыйлығы

 

Орлова Динара Владимировнаға

 

Дүйсебекова Айнұр Диханқызына

 

Мусаинова Айсұлу Аймағамбетқызына

 

Доспанова Айткүл Масақбайқызына

 

СЕРТИФИКАТ (белсенді қатысқаны үшін)

 

Ысқақова Гүлсім Сайранқызына

 

Оразалинова Дана Алпысбайқызына

 

Сабирова Асель Жамбуловнаға

 

Әуренбаева Торғын Төлегенқызына

 

Нұрғалиева Ғалия Ерсайынқызына

 

Таткенова Гүлбану Хайдарқызына берілді

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар арнайы дипломмен, алғысхатпен, сертификат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Аbai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10434
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18677