Жұма, 24 Қараша 2017
664 3 пікір 15 Қараша, 2017 сағат 10:11

Қазақстандағы гейлер туралы фильм БҰҰ жүлдесін иеленді

??????????

"Қазақстандағы гейлер туралы фильм БҰҰ-ның бірнеше ұйымы ұйымдастырған жастар фильмдері конкурсында бірінші орын алды" деп хабарлады БҰҰ радиосының ресми сайты.

"Айбек" деп аталатын фильмді қазақстандық жас автор Айша Сәлімгереева түсірген. Бірақ ол бұл шараға қатыса алмады.

Шығармашылық топ атынан сыйлықты Нью-Йоркте өткен марапаттау салтанатында фильм операторы Әлихан Смағұлов алды.

БҰҰ радиосына сұхбат берген Смағұловтың айтуынша, шығармашылық топ фильмде "Қазақстанда гей болудың қандай екенін" көрсетпек болған. Фильмде Қазақстандағы гейлер, олар кезігетін қиындықтар баяндалған.

Смағұловтың айтуына қарағанда, фильм бес күнде түсірілген, бірақ фильмде басты рөлді ойнайтын адамды табу қиынға соққан.

"Гейлердің ешқайсысы өзінің сексуалдық қалауы туралы ашып айтпайды, өйткені ол қауіпті", - деді фильм операторы.

PLURAL+2017 Awards байқауының ақтық сынына шыққан фильмдерді ЮНИСЕФ-тің «Жастар дауысы» онлайн қауымдастығы, «Пейли» медиаорталығы және Ghetto Film School мектебі анықтады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10434
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18677