Жұма, 29 Наурыз 2024
5253 0 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 08:13

Өзбекстанда діни оқу орындарында Құран үйрену курстары ашылады

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, муфтий Усманхан Алимовтың жарлығына сәйкес, діни оқу орындарында ақылы курстар ашылады. Курс мерзімі алты айға созылады, ал ақысы – 1 миллион сум (123 доллар).

Басқарма төрағасының орынбасары, шейх Абдулазиз Мансұрдың айтуынша, желтоқсанда 700-ден астам адам Құран үйреніп, 11 діни мекемеде ашылған курстарда араб тілін үйрене алады.

Желтоқсан айында 11 діни оқу мекемелерінде ақылы курстар ашылады. Мұндай шешімді қабылдауға тұрғындардың өтініші түрткі болды, дейді шейх Мансұр.

"Жарлықта курсқа қабылданатындардың жасы көрсетілмеген, бірақ олар егде адамдарға арналған", - деді ол.

Өзбекстанда жекеменшік мекемелерде діни білім беруге заңмен тыйым салынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607