Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2049 0 пікір 13 Желтоқсан, 2010 сағат 07:58

Ашаршылықтың ащы шындығы

1921-22 және 1931-1933-нші жылдар. Қазақтың, тіпті адамзат тарихында бұрын-соңды естіп, білмеген қасіретке толы, қайғылы, зұлмат жылдар. Қанды қол қызылдардың қасақана қолдан жасаған ашаршылығынан кейбір дерек бойынша 4 млн. 100 мың! қазақ баласы қырылып қалған. Бұл біздің ата-бабамыз. Шыққан тегіміз. Бауырымыз. Аяулы жандарымыз. Қатарымызда жоқ миллиондар. Үзілген үміттер. Орындалмаған армандар. Аштықты жасаған қызыл өкіметпен және соған кінәлі жандарға, барлық қызыл көсемдерге екі дүниеде кешірім болмайды!

Қара жолдың бойында, қыстақтардағы үйлерінде, ой мен қырда, тау-тастың қуысында, қала көшелерінде қазақ қынадай қырылып жатты. Есесіне қазақтың малы мен астығы ішкі Ресей мен елдегі қандықол армия мен партияны тамақтандыруға кетті. Бұндай қатігездік пен тасжүректікті қазақ ешқашан кешірмейді.

Жанға бататыны - содан бері қаншама жылдар өткенімен ашаршылықтың ақиқаты ашылмай отыр. Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жыл. Жиырма жылда аштықтан қырылған қазақтың нақты саны мен тарихи деректі құжаттарды жарыққа шығарып, аштықты кеңес өкіметі қазақ жері мен оның байлығына иелік ету үшін тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси бағасын бере алмауымыз.

Ресейдің мұрағаттарында сақталған ашаршылық жылдарындағы құпия құжаттар біразы ашылса, көбісі - жабық. Құртылып, жойылып кеткені қаншама! Ал, біз - қазақ қоғамы, қазақ билігі... Не десеңіз де еркіңіз.

Біз енді не істесек те, 4 млн. 100 мың қазақтың орнын ешқашан толтыра алмаймыз. Өсерміз, өнерміз бірақ орны үңірейіп тұра бермек. Алайда, өз Отанында аштықтан көз жұмған Алаш баласын жоқтау біз үшін өмірлік парыз. Алдағы уақыттарда Әзірбайжан немесе Түрікмендердей біздер де Ұлттық Аза күнін жариялайтын болармыз. Жетеміз оған да!

Сол үшінде қолға түскен аштық жылдарындағы өте құпия белгісімен жөнетілген қызметтік хаттарды, құпия құжаттарды жариялап тұрмақпыз. Солардың алғашқы үшеуімен таныс болыңыз. Құжаттар түпнұсада беріліп отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір