Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
Деп жатыр 2035 17 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 09:26

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Dariga Nazarbayeva, daughter of Kazakhstan’s President Nursultan Nazarbayev and the country's Deputy Prime Minister, attends celebrations to mark Kazakhstan People's Unity Day in Almaty, Kazakhstan, May 1, 2016. REUTERS/Shamil Zhumatov

Қазақстан парламенті сенатының депутаты, президент Нұрсұлтан Назарбаевтің үлкен қызы Дариға Назарбаева бейсенбіде Астанада қазақстандықтар елдегі тұрақтылықтың арқасында "үлкен бақытқа" - өмірін жоспарлау мүмкіндігіне ие болып отырғанын айтты.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Дариға Назарбаева бұл сөзін әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кездесуде, кадет сыныптарында оқитын және әскери-патриоттық клубтарға баратын балалар алдында айтты.

"Біз билігі орныққан, саясаты тұрақты, барлығын болжауға болатын бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз және сіз бен біздің өмірімізді алдағы бірнеше жылға болжауға болады. Үлкен бақыт деген - ол білім аламын, одан ары жұмыс істеймін, мақсатыма жетемін деп өз өміріңді жоспарлауға мүмкіндігің болу" деді Дариға Назарбаева.

54 жастағы Назарбаева өткен жылы қыркүйекте президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бұйрығымен сенатор болып тағайындалған. Ол сенатта халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарады.

Abai.kz

17 пікір