Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 16:17

Қостанайдың елді-мекендеріне газ қосылды

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында Қарабалық ауданындағы Ворошиловка ауылының тұрғындары газға қосылды. Бұл туралы Абай ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шараға Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов қатысты.

Аталған нысанның құрылысы барысында 6,9 км тарта көшеаралық газ құбырлары салынды. Елді мекендегі тұрғындар саны 495 адам. Ауылдағы 155 жеке үйдің 49-ы газға қосылған, тағы 4 үйдегі монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Бұған қоса Ворошиловкада 4 дүкен, 1 мектеп пен мәдениет үйі бар.

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов өз сөзінде: «Халықтың әл-ауқатын арттыру — біздің басты мақсатымыз. Сондықтан Ворошиловка секілді тұрғындар саны аз ауылдардың газға қосылуында үлкен мән бар. Бірінші кезекте ауа тазарады, тұрғындар көмір тасып, ағаш жарудан құтылады. Демек, өзге маңызды шаруаларға көбірек уақыт бөлінеді. Бұл қазіргідей ауыр кезеңде аса маңызды. «ҚазТрансГаз» компаниясы үлкен жұмыс атқарды. Екі жылда облыста 600 км газ құбыры салынады, 50 мыңнан астам тұрғыны бар 8 елді мекенге газ беріледі. Осының арқасында газға қосылған халық саны 10% артады», - деп айтты.

«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов: «Елбасының тапсырмасы бойынша елімізді газдандырудың бас жоспары бекітілді. Осы жоспарды жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» былтыр Қашар мен Октябрь кенттерін газ жүйесіне қосты. Биыл Сіздердің ауылдарыңыздан бөлек Тоғызақ, Антоновка, Алчановкаға газ беріледі. Жобаға сай ауыл ішіндегі құбырларды «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ орнатты. Әрбір абоненттің үйінің алдына газ құбыры келіп тұр. Ал оны үйге жалғау, газ жабдықтары мен есептеуіш құралдарды орнату жұмыстарымен қызмет көрсететін мекемелер айналысады».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3521