Бейсенбі, 18 Қаңтар 2018
Аймақтар 336 0 пікір 15 Қараша, 2017 сағат 16:25

Ақмола облысында инвестиция тарту көлемi 9 айда 175 млрд теңгенi құрады

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Орталық коммуникациялар қызметiнде Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Елбасының «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауы орындау барысы мен өңiрдiң әлеуметтiк-экномикалық даму көрсеткiшiнiң 9 айдағы нәтижесi туралы айтып бердi.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында экономиканың барлық салаларында жақсы нәтижелерге қол жеткiздiк», — дедi Мәлiк Мырзалин

Ақмола облысында өңiрге инвестиция тарту көлемi артып, өткен 9 айда 175 млрд теңгенi құрады. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артық.

Елбасының Ақмола облысының алдына қойған ауылшаруашылығы өндiрiсiне ғылымды пайдалану арқылы дамыту, сондай-ақ ауылшаруашылығы копперативтерiн жандандырып, елдi-мекендердi өркендету тапсырмасы бүгiнгi күнi облыста белсендi жүзеге асырылуда.

Жалпыреспубликалық есепте Ақмола облысы жоғары сапалы астықтың төрттен бiр пайызын экспортқа жөнелтедi.

Биылғы жылы аймақ диқандары 5,1 млн тонна астық жинады, жиналған ырыстың 88 пайызы жоғары сапалы. Облыста мемлекеттiк қолдау алған агроқұрылымдар саны артып олардың саны 40 пайызға өстi (2,5 мыңға дейiн АШК), элиталық дақылдар себiлген алқаптар көлемi 1,4 пайызға ұлғайды. Бұл тұрғыда егiстiк алқаптарда агрохимия, минералды тыңайтқыштарды падалану жұмысы өрiс алды.

Мал шаруашылығын дамытуда да өңiрде жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Биыл обыста 3300 мал басына арналған 155 отбасылық мал бордақылау алаңы ашылды. 11 сүт тауарлы фермасы құрылып, 600 бас сүт бағытындағы iрi қара сатып алынды. Сондай-ақ, Астана iргесiнде 5 мың басқа арналған ешкi фермасы мен терең өңдеуге бағытталған сүт фабрикасы iске қосылды.

Облыста азық-түлiк өндiрiсi биыл 17 пайызға өстi, оның iшiнде күнбағыс майы 1,9 %, ет 35 %, шұжық өнiмдерi 24%, ұн 22 % артты.

Биыл облыста 35 ауылшаруашылығы кооперативi құрылып, құрылған кооперативтерге 9 мыңнан астам жеке қосалқы копперативтiң басы бiрiктiрiлдi.

Мемлекет басшысының «Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн одан әрi дамыту» тапсырмасына сәйкес, аймақ жақында облыста шығарылатын азық-түлiк өнiмдерiн Астанада саудалайтын «AQMOL» сауда нүктелерi желiсiн ашты.

Үстiмiздегi жылы облыстағы 10 iрi ауылшаруашылығы тауарөндiрушi компаниясы сауда брендiне бiрiктiрiлдi. Олардың iшiнде, «Агрофирма «Родина» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Айна сауда үйi» ЖШС және де басқа сүт, ет өнiмдерiн өндiретiн кәсiпорындар Астана қаласында 3 нүктеде өз өнiмдерiн саудалай бастайды. 2018 жылға қарай көтерме-бөлшек сауда дүкендердiң саны 10-ға дейiн жеткiзiледi»,-дедi Мәлiк Мырзалин.

Ақмолалық кәсiпорындар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеден өндiрiстiк процесстердi одан әрi жетiлдiру мақсатында 5 үздiк әлемдiк технологияны енгiзудi көздеп отыр.

Бүгiнгi таңда, аймақта энергияның жаңа көздерiн өндiретiн жобалар жүзеге асырылуда. Олар — Аршалы ауданындағы қуаты 100 меговаттық жел паркiнiң құрылысы, (инвестиция құны 126 млн. АҚШ доллары) және Целиноград ауданындағы 100 мегаваттық күн электростансасының құрылысы (жоба құны 192 млн. АҚШ долл).

Өңiрде таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су тазартудың мембрандық технологиясы қолданылуда. Мұндай су тазартатын локальдық стансалар өңiрдiң 40 елдi-мекенiнде пайдаланылуда.

Индустрияландыру бағдарламасының аясында облыста алтын өндiру 4 есеге ұлғайып, республикалық көрсеткiштiң 34 пайызын құрап отыр. Аймақта жүк автомобильдерiн өндiрудiң елiмiз бойынша облыстағы көрсеткiшi 55 пайыз, кiрпiш — 30%, ұн — 10% құрайды. Облыста Қазақстандық уран кенi қорының 10 пайызы бар.

Облыс аумағында ТМД елдер iшiндегi жалғыз темiр жол подшибнигiн шығаратын өндiрiс орны жұмыс iстейдi. Мұнда iшкi нарықтан бөлек, өнiмдердiң 80 пайызы яғни басым бөлiгi Ресейге экспортталады. Лифт және экскалаторлар шығаратын жергiлiктi зауыт «ЭКСПО-2017» нысандарын 77 жоғары жылдамдықпен жүретiн лифт пен 8 экскалатормен жабдықтады.

Биылғы жылдың соңына дейiн өңiрде 95 млрд теңгенiң 7 жобасы жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жақын арада жылына 2 млн. тонна өнiм шығаратын цемент зауыты iске қосылып, жобаға 63 млрд. теңге инвестиция салынды. Жылдық қуаты 80 мың тонналық каолиновтi тау кен байыту комбинатының құрылысы басталды.

Шағын және орта бизнестiң саны облыста 7 пайызға артып, шығарылатын өнiм 20 пайызға, бюджетке түсетiн салық көлемi 22 пайызға артты.

Облыста «Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 404 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 133 пайызды құрады. Мұнымен қатар, жеке тұрғын үй салу көлемi 1,6 есеге өстi. Жеке тұрғын үй құрылысын одан әрi жандандыру үшiн өңiрдiң 14 елдi-мекенiнде 7 мың тұрғын үйге инженерлiк коммуникациялар тартылды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес аймақта әлеуметтiк саланы дамытуға баса назар аударылып отыр. Биылғы жылы өңiрде 8 жаңа мектептiң құрылысы басталды. Сонымен қатар, бiлiм беру нысандарының құрылысына жеке инвесторлар тартылуда. Бүгiнгi күнi Целиноград ауданында 2 мектеп салынуда, құрылыс бiткен соң бұл нысандар мемлекеттiк меншiкке берiледi. Мектепке дейiнгi бiлiм берумен қамтуда 3-6 жас аралығындағы бүлдiршiндердi қамту деңгейi 98 пайызға жеттi.

Өңiрде сапалы және қолжетiмдi медицина саласына баса назар аударылып отыр. Биылдың өзiнде облысқа 214 медицина саласының қызметкерi тартыллды. Олардың 91-i дәрiгер. Көкшетау қаласында жоғары дәрежелi медицина қызметкерлерi үшiн облыстық бюджет есебiнен 20 пәтер сатып алынды.

Медициналық кластердi белсендi дамыту мақсатында бұл салаға мемлекеттiк жеке әрiптестiк механизмдерi қолданылуда. Облыстағы медициналық мекемелерде Германия, Оңтүстiк Корея, Австрия, Түркия елдерi өндiрушiлерiнiң инновациялық жабдықтары сатып алынып, инновациялық технологиямен емдеу iсi жалғасуда.

Жалпы аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшiн жеке меншiк әрiптестiк механизмi арқылы 14 млрд теңгенiң 26 нысаны салынуда.

Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құны 10,6 млрд теңгенiң 117 жобасы iске асырылуда. Оның 5,2 млрд теңгесi демеушiлердiң қаржысы арқылы жүзеге асырылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан 4500 түрлi бағыттағы iс –шара ұйымдастырылды.

Елiмiздiң бүкiлхалықтық символына айналған «Киелi ескерткiштер» республикалық картасына облыстан 10 нысан енгiзiлдi.

Ерғали Берікұлы

Ақмаола облысы

Abai.kz

0 пікір