Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
489 0 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:13

Өзбекстанда бұрынғы саяси тұтқын Мурод Жораев өмірден өтті

Өзбекстанда 65 жасқа келгенде, «Эрк» демократиялық партияның мүшесі, Өзбек ССР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты Мурод Жораев өмірден өтті.

Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, Мурод Жораев 4 желтоқсан күні түскі тамақтан кейін, аяқ астынан қаза тапқан.

Соңғы айда Мурод Жораев ауыр кеселін емдеу үшін Германияға кетуге дайындалып жүрген. Жораев екі жыл бойы биліктен рұқсат күтіп жүрген. Ол тек шетелге шығуға рұқсатты 7 қазанда алған.

Мурод Жораев тәуелсіз Өзбекстан тарихында түрмеде ең көп отырған азамат. Ол өмірінің 20 жылдан астамын темір торда өткізді. Бостандыққа 2015 жылдың қараша айында шыққан.

1995 жылы Өзбекстанның Жоғарғы соты Мурод Жораевты елде төңкеріс орнатпақ болды деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырған. Жаза мерзімі аяқталар сәтте, түрлі себеппен мерзімін ұзартып отырған.

Abai.kz

0 пікір