Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3635 9 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:16

Йемен экс-президент Әли Абдалла Салехтің өлгенін растады

Houthi Shiite fighters chant slogans as they guard a street leading to the residence of Yemen's former President Ali Abdullah Saleh in Sanaa, Yemen, Monday, Dec. 04, 2017. (AP Photo/Hani Mohammed)

Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдалла Салех қаза тапты деп хабарлады аймақтық БАҚ. Al Arabia басылымы экс-президенттің қазасын Жалпыхалықтық конгрес партиясы растағанын хабарлады. Әлеуметтік желілерде Салехтің мәйіті делінген сурет пен видео тарап жатыр.

Бұған дейін Reuters агенттігі Салех тұрған үйде жарылыс болғанын хабарлаған болатын. Агенттік мәліметінше, жарылысты Иран қолдайтын көтерілісшіл хуситтердің "Ансар Аллах" қозғалысы жасаған.

Йеменнің уақытша президенті Абд-Раббу Мансур елде саяси тұрақтылық орнатуға талпынып келеді. Йеменде соңғы үш жылда "Әл-Қаида" ұйымының содырлары мен елдің оңтүстігінде сепаратистер белсенді әрекетке көшкен.

Йеменде соғыс 2014 жылы билікте 33 жыл отырған президент Әли Абдалла Салех жаппай наразылық акцияларының қысымымен отставкаға кеткен соң Абдалла Салехтің жақтастары және шииттікті ұстанатын хуситтер мен Абд-Раббу Мансур күштері арасында басталған.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525