Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Алаң 5242 33 пікір 7 Желтоқсан, 2017 сағат 09:19

Елбасы шетелдегі 12,5 миллиард долларды елге қайтаруды талап етті

Кеше Индустриализация күніне орай өткен жиында Елбасы қаржысын шетелде ұстайтын компанияларды сынап, 18 отандық компанияның 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отырғанын, ол ақшаны дереу елге қайтару керектігін айтты, - деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке отандық компаниялардың қаржысын шетелден қайтару туралы тапсырма бере отырып:  "18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. "Теңізшевройл" - 4,5 миллиард доллар. "ҚазМұнайГаз" - үш миллиард доллар. "РД "ҚазМұнайГаз" - екі миллиард доллар. "Азиялық газ құбыры" - миллиард доллардан аса. "Бейнеу - Шымкент" газ құбыры - 100 миллион. Осылай кете береді", - деді.

"Қазіргі күні заңдар құбылып тұрған кезде арғы жақта ұстайтын ақшаларыңыздан айырылып қаласыздар. Санкция кезінде сіздерге ешкім көмектеспейтінін көріп отырған жоқсыздар ма. Ақшаларыңызды қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар. Қандай кепілдік керек - заңмен, жарлықпен ба? Оны жасаймын. Егер осыны орындамасаңыздар, онда біз өзіміз кірісеміз, сосын өкініп жүрмеңіздер" деді Назарбаев.

Назарбаевтың сөзінше, мемлекет қарамағындағы компаниялар шетелдегі қаржы көлемін жарты жылда екі жүз миллионнан алты миллиард долларға дейін арттырған.  "Үкіметке акционер ретінде тапсырамын. Шешіңіздер, маған баяндаңыздар. Әрқайсымен сөйлесеміз", - деді президент премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.

"Біз қаржыларыңызды тартып аламыз немесе бірдеңе істеп қоямыз дедік пе? Егер қайтармасаңыздар, ескертейін, өзіміз айналысамыз. Бірақ ол кезде сіздер болмайсыздар. Мемлекет осы қаржыны табуға жағдай жасап отыр ғой, ал сіздер Қазақстан ақшасын үкіметтен жасырып отырсыздар ма? Жетер", - деп түйіндеді Назарбаев.

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530