Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4156 20 пікір 7 Желтоқсан, 2017 сағат 09:52

АҚШ президенті Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп таныды

АҚШ президенті Дональд Трамп "Иерусалимді Израиль астанасы деп ресми мойындайтын уақыт келді" деп мәлімдеді. 6 желтоқсанда жасаған мәлімдемесінде Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді бастауды тапсырды. Оған үш жылдан төрт жылға дейін уақыт кетеді деді.

Трамп сонымен бірге израильдіктер мен палестиндықтарды татуластыру үшін, қолдан келгенін жасайтынын мәлімдеді.

Трамп өзінің Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын айтуға баяғыдан дайын болғанын айтады. "Менің ойымша, бұл пісіп-жетілген. Көптеген президенттер бірдеңе істегісі келеді, бірақ ештеңе істемеді", – деді.

Осыған дейін де Трамп Құрама Штаттар Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын және елшілікті Тель-Авивтен Иерусалимге көшіргісі келетінін айтып келген. Ол бұл жөнінде Израиль, Палестина автономиясы, Сауд Арабия, Египет және Иордания басшыларымен телефон арқылы әңгімесінде айтқан.

Араб елдерінің лидерлері Дональд Трамптың мәлімдемесін бірден сынға алды. Еуропалық одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини палестиндықтар мен израильдықтардың бейбіт келісіміне селкеу түсіретін кез-келген әрекеттен қалыс қалу керек деп мәлімдеді. Францияның сыртқы істер министрлігі Иерусалим мәртебесін тек Израиль-Палестина келіссөзі ғана шешуге тиіс дейді.

Америка елшілігінің Иерусалимге көшуі және қаланы астана ретінде тануы халықаралық консенсусқа қайшы келеді. Батыс елдерінің дені Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындамайды. Палестиндықтар мұсылман, христиан және еврей діндерінің киелі қаласы болып саналатын Шығыс Иерусалим өздерінің елдерінің астанасы болады дейді.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525