Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 5 Қараша, 2017 сағат 16:31

Астанада көпқабатты үйлердің лифтерін ауыстыру жалғасып жатыр

Бүгін біз өткен аптадағы Елорданың ел назарын бұрған басты жаңалықтарына шолу жасаймыз.

Астанада көпқабатты үйлердің лифтерін ауыстыру жалғасып жатыр

Қалада көптеген лифтілерді ауыстыру жұмысы жалғасуда. Ал биыл Астаналық көпқабатты үйлерде 63 лифтіні ауыстыру жұмыстары басталды.

Жирентаев көшесіндегі (14, 20/1, 22/2) мен Жұмабаев 1, Күмісбеков 6, Қажымұқан 26, 28 үйлерде лифтілерді жөндеу және жаңадан ауыстыру бойынша жұмыстары басталды. Аталған үйлердегі ескі лифтілер жыл соңына дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауыстырылмақ. Тұрғындар оған қаржыны мемлекеттің есебінен пайдаланды. Осындай жолмен ескі лифтілерін ауыстырғысы келген тұрғындар «Өркен қала» бағдарламасының операторына құжат тапсыруы керек.

Ары қарай келісімшарт бекітіліп, мердігер таңдалады. Барлық жұмыс тұрғындардың бақылауымен өткізіледі. Егер мемлекеттен қаржыны 15 жылға алса, орта есеппен алаңына байланысты әр пәтерге 2 мың теңгеден шығады. Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша 63 лифт ауыстырылады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы барлық лифт шаруашылығын тексеруді және тәртіпке келтіруде кешенді шара қолдану керектігін тапсырған болатын. Бүгінде Астанада 6 577 лифт тіркелген. Оның 4 879 лифтісі тұрғын үйлерде, әкімшілік ғимараттарда 1 728 тіркелген.

«Сергек» камерасы сауда орталығындағы қарақшылық шабуылды анықтады

Жамбыл облысының үш тұрғыны елорданың сауда ойын-сауық орталығына қарақшылық шабуыл жасады.

Елордалық полицейлер «Сергек» бейне кешенінің көмегімен СОСО күзетшісіне жасалған қарақшылық шабуылын анықтады.

«Полицияға СОСО сыртқы аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жеке күзет фирмасының қызметкерінен сағат түнгі 01.30 шамасында белгісіз үш азаматтың күш көрсетіп, скотчпен қол-аяғын байлап, орталыққа кіруге талпынғаны туралы арыз түсті. Оған қоса қаскөйлер оның радиостансасын ұрлап кеткен», - делінген ІІД таратқан хабарламада.

ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде  «Сергек» бейне кешенінің көмегімен қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты қолға түсірді.

Белгілі болғандай, қарақшылықты Жамбыл облысының 21 және 23 жастағы үш тұрғыны жасаған.

«Тергеу барысында олар сауда орталығындағы бутиктің бірін тонамақ болғанын мойындады. Аталған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ІІД.

Құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді

ТЖ департаменті жергілікті полиция  қызметкерлері және ООӨАЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп, Есіл өзенінде рейдтер өткізді.

«Қазіргі таңда қалалық балықшылар «Radisson» қонақ үй аймағында мұз үстіне шатырларды көптеп тігеді. Кей учаскелерде балықшылар саны жиырмаға дейін жетеді, олармен әр учаскеде 7 бұрғылау шұңқырлары жасалған. Мұз астына құлап кету қаупі бар болғандықтан, аталған жағдай құтқарушыларды алаңдатпай қоймайды. Мұнымен қоса, балықшыларда құтқару көкірекшелері жоқ.Бұл өз кзегінде қауіпті жағдайды өршіте түссе керек», - деп жазылған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осындай жағдайлардың санын азайту, оларды болдырмау, азаматтардың өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында ТЖ департаменті жергілікті полиция  қызметкерлері және ООӨАЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп, Есіл өзенінде рейдтер өткізген болатын.

Департаменттен мәлімдегенде, алдын алу шараларын жүргізудің барысында 12 рейд ұйымдастырылған. Есіл өзенінің бойында ұйымдастырылған рейдтік шара 26 балықшы мен 12 азаматты қамтыды. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде қауіпті орындардан 5 шатыр алынып тасталды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үгіттеу кітапшалары мен буклеттерін, сонымен қатар азаматтарға үзілмелі қауіпсіздік талондарын  таратты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576