Жұма, 29 Наурыз 2024
Әлеумет 6819 0 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 19:44

Оралдағы жылдамдық өлшегіш дауы. Кімдікі дұрыс?

Жуырла қазақстандық БАҚ Батыс Қазақстанның Орал қаласындағы  Чагано-Набережная көшесі жайлы ақпар таратты.

Жергілікті "Орал апталығы" (Уральская Неделя) гәзетінің таратқан ақпарына қарағанда, қала тұрғындары, атап айтсақ, 149 көлік жүргізушісі негізсіз айыппұл қағазын алған-мыс.

Сөйтіп,  наразы топ "Орал апталығы" (Уральская Неделя) гәзетінің редакциясында жиналып, ҚР Ішкі істер министрлігі мен Бас Прокуратураға арызданбақ болады.

Наразы топтың жанайқайы аталған гәзетте жария болысымен, Батыс Қазақстан облыстық ІІД дереу іске кірісіп, қаладағы жылдамды қөлшеу құрылғыларын тексерген екен. Нәтижесінде қаладағы барлық жылдамдық өлшеу камералары қажетті техникалық талаптарға сай әм рұқсат құжаттары бар болып шыққан. Әсілінде, БҚО ІІД ақпараты солай дейді.

Алайда,  ашынған көлік жүргізушілер мұндай шешіммен келіспеген. Сөйтіп, гәзет редакциясында және бас қосып,  «Оралда ондаған жүргізушілер айыппұлдар мен өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен келіспейді» атты кезекті мақаланы жария етеді.

Жүргізушілердің айтуынша, барлық 149 көлік иесінің камера көрсеткен жылдамдықтары бірдей болып шыққан.

Содан ІІД-де жүргізушілерге дауды шешу үшін сотқа жүгіну ұсынылады, ал прокуратура ақау шыққан жылдамдық өлшегішті тексере бастайды.

Бұл мәселе күні бүгінде қоғамда резонанс тудырып отыр. Қазақстандық БАҚ пен қоғам белсенділері де аталған мәселеге үн қосып, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін талқылауда.

Сонымен, 149 көлік жүргізушісінде неліктен бірдей жылдамдық көрсетілген?

Көліктегі жылдамдықты бақылаушы камераларға жауапты «Ғылыми-техникалық орталық Жаңа Жобалар» ЖШС директоры Владислав Польшинмен әңгімелестік.

- Владислав, мынау Оралдағы бейне бақылау, жылдамдық өлшеу құрылғылары еліміздің өзге да қалаларында қолданыста бар ма? 

- Әрине қолданыста бар. Біз еліміздің барлық аймағында бір үлгідегі жабдықтарды пайдаланамыз. Ал үлкен қала ішіндегі көшелердеі біздің техникалық құралдарымыз тәулік бойы жүргізушілердің мінез-құлқын бақылайды. Олардың жол қозғалысы ережелерін бұзуларына жол бермейді. Жылдам жүруді қалайтын әуесқойлары оны ұнатпайтыны түсінікті. Біздің тәжірибемізде тіпті қызықты оқиғалар болды. Мысалы, аймақтардың бірінде жол қозғалысын бұзушы миллион теңгеден астам айыппұл жинады. Әрине, ол оларды төлегісі келмеген, сотқа бергенімен, нәтижесінде ұтылып қалған.

- Бірақ, мына жағдайға оралайықшы, Батыс Қазақстанның Оралында бір емес, екі емес, бір дегенде 149 көлік жүргізушісі наразылық танытып отыр...

- Сіз мынаған назар аударсаңыз болады. Олардың мәлімдемесінің сәйкес еместігін қарапайым дәлел куәландырады. Соңғы 2 айдың ішінде сәтсіз жылдамдық көрсеткішінің жанынан тәртіппен 47 мыңға жуық автокөлік өткенімен, 1000-нан астам бұзушылық тіркелді. Бірақ кейбір себептермен 149 жүргізуші ғана наразы. Бұдан басқа, 2014 жылдан бері тұрған осы жылдамдық өлшегіштер ереже бұзушылықтарды анықтады және ешкімде ешқандай сұрақтар туындаған жоқ. Тек осы жылы ғана тапсырыс берушінің электрондық порталда мемлекеттік сатып алулармен былықтың туындағанын айтар ем. Нәтижесінде, мерзімі өтіп кетті. Ал қаңтардан бастап қыркүйекті қоса бұл құралдармен қызмет көрсетілмеді. Сонымен қатар, жазғы кезеңде жолдың осы учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ біз жылдамдық өлшегіштің жұмысына тексеруді, сондай-ақ өлшеу құралдарын тексеруді жүргіздік. Жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды және тұр.

- Сіздің компанияңыз Қазақстан нарығында қашаннан бері жұмыс істеп келеді және ол жалпы немен айналысатынын айтыңызшы?

- «Ғылыми-техникалық орталық Жаңа Жобалар» ЖШС кешенді қауіпсіздік жүйелері, телекоммуникация және бейне бақылау, жедел және өндірістік процесстерді автоматтандыру, зияткерлік жүйелер мен жедел басқару орталықтарын құру саласында ірі технологиялық жобаларды іске асыру саласында 10 жылдан астам жүйелік интегратор болып келеді. Біз Қазақстандық компаниямыз. Қазақстан аумағында қуатты және муниципалды қалалық құрылымдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуды бекітудің және жол ағындары мониторингісінің автоматтандырылған жүйесінің жеткізушілері болып табыламыз. Орнатылған жүйелер Республиканың 13 облыстық орталықтарында өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы жарақаттар мен өлім деңгейін төмендетуге ықпал етті.

- Осы оқиғаларды БАҚ-та жариялана басталғанда, «Орал апталығының» журналистері сізден түсініктеме беруді сұрады ма?

- Жоқ, ешкім бізбен байланыспады. Мақалалардың барлығында кінәні дәлелдеуді талап ететін, негізін қалайтын принциптердің бірі болып келетін, кінәсіздік презумпциясы туралы ұмытып кеткен бір ғана мүдделі автордың бар екендігі түсінігі қалыптасады. Автор, виртуалды ортаны пайдаланып, шапшаң жүргізу әуесқойларын біріктірген, оларды ІІД шағым беруге және полиция басшылығымен кездесулер өткізу үшін ұйымдастырған. Ол бір жүргізушінің төленбеген айыппұлдарының сомасы бір миллион теңгеден асқан, жоғарыда айтылған жағдайды еске түсіреді. Біздің ойымызша, бұл Қазақстан нарығындағы бәсекелестер арасындағы кейбір лас күрес.

Бұл жерде жылдамдық өлшегіштің жұмысын және қолдағы құжаттарды зерделеп, өз қорытындысын шығаратын тәуелсіз техникалық комиссия құруды жоспарлап отырмыз.

-Рахмет, түсінікті болды. 

Пікірлескен Ертөре Шынтөре

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590