Жұма, 29 Наурыз 2024
3058 0 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 09:36

Түркіменстанда белсенді Кучеренконы пәтерінде ит ұстағаны үшін 15 тәулікке қамады

12 желтоқсанда белсенді Галина Кучеренконы қызы Валериямен кездестіруге және жылы киім алуға рұқсат берді. Бұл туралы Ашхабад шетінде орналасқан абақтыға Валериямен бірге барған азаматтық белсенді Наталия Шабунц хабарлады.

«Хроника Туркменистана» басылымының хабарлауынша, Галина Кучеренконы 15 тәулікке қамаған. Бірнеше күн бойы оның тағдыры туралы мәлімет болмады. Оны 7 желтоқсанда ұстап әкеткен еді. Белсендінің көршілері Кучеренко үйінде ит пен мысық ұстағаны үшін шағымданған.

Кучеренконы қорғау мен қолдауға арналған халықаралық науқан басталды. Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар түркімен билігінен жануарлардың қамқоршысын босатуды талап етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621