Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Дидар-ғайып 4352 0 пікір 18 Желтоқсан, 2017 сағат 11:25

Әйгілі актермен қоштасу рәсімі "әкемтеатрда" өтеді

Әйгілі актер Құман Тастанбековпен қоштасу рəсімі 20 желтоқсан күні таңғы 10-да актердің 1968 жылдан бері қызмет еткен орны - М.Əуезов атындағы қазақ академиялық драма театрында өтеді.

Құман Тастанбеков 72 жасында Ақтау қаласында дүние салды. Актер Маңғыстау облысындағы туыстарына қонаққа барған. Жексенбі күні 17 желтоқсанда Құман Тастанбековтың мəйіті Ақтаудан Алматыға ұшақпен жіберілді. Марқұмның мәйітін шығарып салуға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен жергілікті зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары әуежайға жиналды.

Əуежайда Маңғыстау облысының əкімі Ералы Лұқпанұлы марқұмның өмірлік жары Меруерт Өтекешоваға, балалары мен ағайын-бауырларына және актердің өнерін қастерлеп, азаматтық тұлғасын қадір тұтқан барша қауымға Маңғыстау жұртшылығының атынан көңіл айтты.

 

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Қ.Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

Абай-ақпарат

0 пікір