Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5056 7 пікір 21 Желтоқсан, 2017 сағат 19:25

Абаев елімізде ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты жағдайды түсіндірді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Дариға Назарбаева министр Дәурен Абаевтан елімізде ресейлік телеарналардың көрсетіліміне қатысты туындаған жағдайды түсіндіруді сұрады.

"Таяуда ресейлік арналардың көрсетілімін тоқтатуға қатысты жанжал болды. Жағдайды түсіндіріп берсеңіз", — деді Назарбаева.

"Біз ресейлік әріптестерімізбен қаңтар-ақпанда тиісті консультациялар өткіземіз деп келістік. Ол уақытқа дейін телеарналардың көрсетілімі тоқтамайды. Бұл жерде бар гәп экономикалық мәселеге келіп тіреледі. Ресейдің кейбір телеарналары Қазақстан аумағында өз телеөнімдерін көрсету үшін тариф көтеріп жатыр. Кейбір теле өнімдерге елімізде сұраныс жоқ. Мәселен, "Ресей-Мәдениет" телеарнасы тарифтерін өсіруде. Біздің кабельдік операторлардың бұл телеарнадан бас тартуға құқығы бар. Олар тарифін көтеріп жатыр, ал біздің операторлар телеарнаның рейтингісіне қарап, оны көрсетпеу туралы шешім қабылдай алады", — деп түсіндірді Абаев.

Министр бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылатынын айтты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530