Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6061 5 пікір 22 Желтоқсан, 2017 сағат 11:59

Қазақстан Халық банкінің криптовалюталарға қатысты мәлімдемесі

Бірқатар қазақстандық интернет-ресурстарында «Halykcoin – алғашқы халықтық криптовалюта» шығарылғаны туралы жарияланымдар шығуына байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - банк), Halyk / Халық сауда маркасының заңды құқық иесі ретінде, бұл жаңалық бойынша түсінік беру қажет деп санайды.

Банктің бұл өнімді әзірлеуге ешқандай қатысы жоқ және де өздерін осы криптовалютаны әзірлеушіміз деп атап жүрген тұлғаларға өзінің сауда маркасын қолдануға рұқсат бермеген. Сондықтан да, банк осы қаржы құралға  жасалатын кез келген инвестициялардың қауіпсізідігі мен пайдалылығына қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

Банк «жобаның ресми сайты» ретінде берілген ресурс www.halykcoin.org интернет-ресурсы шетелдегі белгісіз тұлғаға ресімделгенін барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізуді өз борышы деп санайды, бұл жағдай әзірлеушілердің жобаның тиісті ашықтығын қамтамасыз етуге мұндай ниеті күдік тудырады. Одан бөлек, www.halykcoin.org интернет-ресурсы жасырын болуына байланысты функционалдың басым бөлігі жұмыс жасамайды, ол алаяқтықтың жоғары ықтималын білдіреді.

Ықтимал алаяқтық әрекеттерді болдырмау және Halyk/Халык сауда маркасына өзінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында банк  өз құқығы мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Айтылған деректерді ескере отырып, және де өз клиенттері мен Қазақстан азаматтарын ықтимал қаржылай залалдардан арашалау ниетімен осындай сипаттағы кез келген хабарландыруларға сақ болуға шақырады. Осы нарықтың жоғары құбылмалылығын, нақты активтермен қамтамасыз етілмеуін, сондай-ақ Қазақстан аумағында криптовалюталар айналымы үшін нормативтік-құқықтық базаның болмауын ескере отырып, Банк криптовалюталармен жасалатын кез келген операцияларды жоғары тәуекелді деп бағалайды.

Құрметпен,

Қазақстанның Халық банкі баспасөз қызметі

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577