Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 8262 9 пікір 29 Желтоқсан, 2017 сағат 10:08

Әкімді айтқанша, ауылдың жағдайын неге айтпады?!

27 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты,  Дариға Назарбаева «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытына барғанда әр әкімге бір-бір тікұшақтан беру қажеттігін айтқан болатын.

Сенатор Д.Назарбаева «Әкімдер жағдайын айтқанша, ауылдың жағдайын айтып, әр ауылға өрт сөндіргіш, жедел-жәрдем көліктерін және қар тазалағыш техника беру керек» деп айту керек еді. Себебі, ұлттық сана-сезім, рухани байлықтың қайнар көзі - ауыл мәселесін түбегейлі шешпейінше, ауыл халқының әл-ауқатын көтермейінше, Қазақстан экономикасы қарыштап дами алмайды.

2003-2006 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланып, "Көркейсе ауыл – көркейеміз бәріміз!" деген даңғаза ұранмен журналистер жарыса жазса,  кейбіреулері ауылға көңіл бөлген билікке рақмет деп оларды асыра мақтады. Ал əкім мен министрлер ауылдың тыныс-тіршілігін жақсартуға қыруар қаржы бөлініп, көптеген іс-шаралар атқарылды деп  жалған мəліметтерін жаудырды.

Ауыз толтылтырып айтқандарымен əлі күнге дейін АУЫЛ ХАЛҚЫНА ЕҢ ҚАЖЕТТІ- қыс айында қар тазалайтын техника, жазда отқа оранған дала мен өртенген үй-қораны сөндіретін «өрт сөндіргіш» көлік жəне жыл он екі ай бойы өте қажетті, техникалық жағдайы дұрыс "жедел жəрдем" көлігі мен оған құяр (төтенше жағдай кезінде) жанар-жағармай мүлде берілмеді.

Ауылдық жерде қыс айында қар жауып, боран болған кездегі тіршілік өте қиын. Өмір болғасын өлім болады. Ал марқұм болған адамның денесі уақытында жерге берілу керек. Жер қазуға қалың түскен қар кедергі жасап, тіпті мəйітті ауылдың шетіндегі молаға жеткізе алмай қиналатынына талай куə болып жүрміз.

Соңғы уақытта даладағы өрті сөндіру кезінде адамдар қайтыс болуы көбеюде, ал тілсіз жаудан жыл сайын үй-қоралар жəне қысқа жинаған шөптері жиі өртеніп, малдары отқа орануда.  Алыс жатқан  аудан орталығынан өрт сөндіруші көлік ауыл-аймақ арасындағы жаман жолмен жеткенше үй-қоралар күлге айналады. Көп ауылда жедел жəрдем көліктері жоқ, ал барларының əбден тозықтары жеткен.

Оның үстіне қорда (запаста) сақталатын бензині тағы болмай ауру адамдар қиналады немесе салқын көлікте үсіп-талып аудан немесе облыс ауруханасына əзер жетеді. Өзге ауыл-аймақты білмеймін, өзімнің туған жерім-БҚО,ҚАРАТӨБЕ ауданы, Қоскөл ауылында Кеңес үкіметі тұсында қар тазалайтыны бар 22 дана К-700 тракторы болған. Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз, ЭКСПО өткіздік, экономикамыз мықты деп мақтанып жүрген қазіргі уақытта 15 мыңдай халқы, 9 ауылдық округі мен 22 елді мекені  жəне 10 мың шаршы км аумағы бар құт дарыған  киелі Қаратөбе ауданында жалғыз ғана қар ашитын К-700 тракторы бар, оның өзі де бірде жүреді, бірде бұзылады.

Еліміздің экономикасы шынайы жақсы болса, ұлттың болмыс-бітімін сақтап отырған, рухани қаймағы бұзылмаған əр ауылға халық мүддесіне өте қажетті өрт сөндіргіш, жедел жəрдем жəне қар тазалағыш техникаларды беру керек. Сонда ғана, ауыл халқы үкіметке шынайы риза болар еді.

Талғат Қатауов

Орал қаласы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590