Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3909 1 пікір 10 Қаңтар, 2018 сағат 10:26

Ресейлік атлеттер "зар жылап" жүр. Енді төрелік сотқа жүгінді

Спорт істері жөніндегі төрелік сот (CAS) ресейлік атлеттерден 42 өтініш алғанын жариялады. Спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға салынған тыйымның күшін жойғылары келеді.

Швейцариядағы соттың хабарлауынша, бұл істер 22 қаңтарда қарала бастайды, ал шешім айдың соңында шығарылады.

Халықаралық олимпиадалық комитет Ресей 2014 жылы Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында допинг бағдарламасын пайдаланды деп шешті.

Допинг қолданбағаны дәлелденген ресейлік спортшыларға бейтарап тумен жарысуға мүмкіндік берілді.

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореядағы Пхенчханда 9-25 аралығында өтеді.

Abai.kz

1 пікір