Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 3281 0 пікір 14 Қаңтар, 2018 сағат 17:02

Екінің бірі байлыққа жете алмайды

Екінің бірі байлыққа жете алмайды. Байларға үйренуге міндетті бірінші қажеттілік - жаңа байлық мəдениеті мен дəстүрі. Егер ондай мəдениет пайда болмаса, ондай байлық ұзаққа бармайды. Я келген оңай жолымен кетеді, я ашынғандар тарапынан тартылып алынады.

Адал байлық, еңбекпен, термен келген байлық малшашпақтан, даңғазадан аулақ болғаны жақсы. Байлықтың да шарты бар. Ол білгенімді істеймін деген нəрсе емес. Керісінше, ақыл, үнем, абырой. Ақшаны дұрыс жарату, жақынды, жолы болмағандарды ұмытпау, тəубешілік.

Баю, ауқатты болу - жақсы дүние. Қазақтың байығаны керек. Бірақ қазақты байы - дарақы, қазақтың байығаны біркүндік болмаса екен.

Байлық ең алдымен жауапкершілік. Қоғам мен құдайды да ұмытпаған абзал. Екеуі де бергенін бір мезетте тартып ала алады.

Айдос Сарым

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір