Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4150 19 пікір 14 Қаңтар, 2018 сағат 17:11

Орыстай ұлтшыл болып алыңдаршы...

Орыстың өлмелі кемпірінің Қазақстанда жүріп, дүкенде сауда жасаушыларға Ресейдің тауарларын мақтап, жарнама жасап тұрғанын көрдім. Өмір бойы Қазақстанда туып-өссе де, өз ана тілінде, өз ұлтының сойылын соғып тұрған, өзі бүгін-ертең өлгелі тұрса да сайтан алғыр Ресейіне деген махаббаты бір мысқыл кемімеген кемпірді көріп қатты риза болдым. Не деген тектілік еді!

Сендер орыс жаман деп өздеріңше күңкілдейсіңдер. Оттапсыңдар! Күнкілдемей орыстан үйреніңдер! "Орыстан үйрен деп айтты", - деп Абайды да сыбап алатындарың бар. Абай - Ұлы адам. Абай дұрыс айтқан. Орыстай ұлтшыл болып алыңдаршы. Айналайын орыстар не жеп мықты болғансыңдар?! Шошқаның етін жеп пе? Біздің қазақтар байыса той жасайды. Жасасын, қызғанбаймын. Бірақ, біреуінде орыстың өлмелі кемпірі құрлы тектілік, намыс жоқ! Шетелден әнші шақырып, Ресейден торт жасатып млрд.-тап шашылады.

Өткенде 25-тердегі АҚШ тұратын қазақ жігіті осы фб-та: "діни-радикалмен күресіп жатырмыз, енді келесі кезек ұлтшыл-патриоттармен күрес болу керек" деп ұрандатып жазып отыр. Міне қазақтың сыйқы. Сыртқа шықса ұлтын ұмытып, өз ұлтына жау болып оралады. Оны бәлкім мемлекет қазынадығы қаржымен елдің аузынан жырып, "болашақпен" оқытып жатқан болар. Ал олардың әңгімесінің сыйқы осындай. Ал орыстар Қазақстанда қаншама жыл тұрса да өз еліне қатысты ондай мәлімдеме жазған емес. Мына тірлігіміз болмайды. Рухани жаңғыру - ұлттық намысымызды ояту деп ұғар кез келді.

Айбар Абайұлы

Facebook-тегі парақшасынан

19 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563