Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3787 3 пікір 14 Қаңтар, 2018 сағат 22:06

Астана "мониторинг жүйесіне" 1,7 млрд теңге бөлмек

Қазақстан билігі жыл соңына дейін БАҚ пен интернетке мониторинг жүргізетін жүйе енгізбек.

"Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі жүйесін" жасауға мемлекеттік бюджеттен 1,7 миллиард теңге (шамамен бес миллион доллар) бөлінбек. Бұл туралы Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлады. Жүйені жасайтын компания конкурс арқылы анықталады.

"Мұндай жүйе бізге қажет. Бұл - мониторинг, бақылау жүргізу туралы сөз жоқ. Мысалы осы жүйе арқылы қазақ тілінде қанша жазба шыққанын біліп отырамыз" деді Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, мониторинг жүйесіне Қазақстандағы газет-журнал, сайт, телеарналар кіреді.

2017 жылдың соңында Абаев интернеттегі шыққан мақала, жазбаларға мониторинг жүргізетін жүйе жасалатынын айтқан. Оның айтуынша, бұл жүйе желідегі барлық жазбаларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530