Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2966 0 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 09:34

Түркияда жолаушы ұшағы теңізге құлап кете жаздады

Анкара-Трабзон рейсімен ұшқан "Боинг 737-800" жолаушы ұшағы 14 қаңтарда әуежайда апатқа ұшырады. Лайнар қону жолағынан шығып кетіп, биік жағалауда теңізге бірнеше метр қалғанда әзер тоқтады.

Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақта 168 жолаушы және экипаж мүшелері болды. Ешкім зардап шекпеді, жолаушылар ұшақ құйрығындағы есіктен шығарылды. Апат себептері тексеріліп жатыр.

Анатолы мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар дүрбелеңін экипаж мүшелері баса алмаған.

Abai.kz

0 пікір