Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 3915 24 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 11:02

Терроризм мен экстремизммен күресте Қазақстан мен АҚШ мүддесі ортақ

ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Елбасының алдағы АҚШ-қа сапарына қатысты пікірімен бөліскен екен.

Сарапшының айтуынша, сапар қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылатын болады. Аталған құжаттар екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін береді.

«Бүгінгі күні барынша басымдыққа ие сала экономикалық өзара іс-қимыл болып отыр. Белсенді саяси диалогтың орын алғанына қарамастан экономикалық байланыстар тым төмен деңгейде қалып отыр. 2017 жылдың қорытындысында өзара сауда-саттық көлемі шамамен 1,7 млрд долларды құрады. Ал бұл біздің қарым-қатынасымыздың әлеуетіне мүлдем жауап бере алмайды. Сондықтан да дәл осы бағытта жаңа әдістер әзірленетін сияқты»,-деді Ж.Сарабеков.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін АҚШ инвестиция, технологиялар трансферті тұрғысына зор қызығушылық тудырады. Себебі америкалық компаниялар бұл салаға қажетті жоғары технологияларға ие.

Сонымен қатар сарапшы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі екендігіне назар аудартты.

«Терроризм мен экстремизммен күресте Қазақстан мен АҚШ мүддесі ортақ. Әрине, Ауғанстанға қатысты ынтымақтастық та қалып, өз жалғасын таба береді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да орны ерекше»,-деді сарапшы.

Abai.kz

24 пікір