Жексенбі, 27 Мамыр 2018
1394 26 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 11:04

Aлпауыт державалардың ядролық бақталасы қайта басталды

LEAD Technologies Inc. V1.01

АҚШ алпауыт державалардың ядролық бақталас дәуірі қайта басталды деп есептейді. Вашингтон өзінің басты қарсыластары ретінде Ресей мен Қытайды атады.

Бұл туралы АҚШ-тың жаңа "Ядролық саясатына шолуында" (Nuclear Posture Review) айтылды. Жобаны америкалық The Huffington Post жариялады.

"Ядролық саясатқа шолу" Барак Обама әкімшілігінің 2010 жылы қабылдаған доктринасын алмастырады.

Жаңа стратегия жобасында айтылғандай, Ресей және Қытайға төтеп беру үшін Вашингтон қаруланудың жаңа жүйесін инвестициялауға дайын. Соның ішіне теңізге арналған Trident D5 баллистикалық зымырандарына қуаты аз ядролық оқтұмсықтар дайындау, және Tomahawk қанатты зымырандары секілді ескірген бағдарламаларды жаңарту жоспарланған. Стратегия авторларының пікірінше, осылай ғана Ресейдің бірінші болып Еуропаға ядролық соққы жасау ниетін жоюға болады.

Abai.kz

26 пікір