Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3098 0 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 09:26

Атамбаевтан сотта жеңілген журналист пен экс-депутат мүлкін сатуды талап етті

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өкілі Нұрбек Сыдыков сотқа шағымданып, бұрынғы депутат Чолпон Жакупова мен журналист Нарын Айыптың жылжымайтын мүліктерін саудаға қоюын талап етті.

Жакупованың хабарлауынша, бұрынғы президент оның Ыстықкөлдегі коттеджі мен Нарын Айыптың пәтерін сатуды талап еткен. Журналиске пәтердің үштен бірі ғана тиесілі. Сот отырысы өтетін күн белгісіз. Бұған дейін аталған жылжымайтын мүліктер сот шешімімен құлыпталған.

Еске салайық, бас прокурор Индира Жолдубаева 2017 жылы наурыз-сәуір айларында 27 млн сом (385 мың доллар) айыппұлды Алмазбек Атамбаев пайдасына Zanoza.kg құрылтайшыларынан өндіріп алуды сұраған. Осы іске қатысты басқа да жауапкерлер - Чолпон Жакупова мен Өмірбек Текебаевтың екі адвокатынан тағы 13 млн сом өндіріп алуды талап еткен.

Халықаралық ұйымдар БАҚ-қа қарсы сот шағымдарына алаңдаушылық білдіріп, бұны сөз бостандығына қысым деп бағалады. Бірқатар ақпарат құралдары журналистерді қолдау үшін бір күндік жалақыларын аударды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530