Жұма, 29 Наурыз 2024
3180 0 пікір 18 Қаңтар, 2018 сағат 09:22

Қырғызстанда туды еденге төсеген музей басшылығын жауапқа тартуды сұрайды

Ош қаласындағы «Сулайман-Тоо» музейінің бұрынғы қызметкері Әшірәлі Маразыков Қырғызстан туының үстел астына, еденге төселген суретін жариялады. Оның сөздерінше, бұл сурет музейде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде түсірілген.

Маразыков мемлекеттік белгіні осылайша қор қылу заңсыз деп, музей басшылығын жауапқа тартуды сұрайды.

«Сулайман-Тоо» музейінің директоры Абдыкайым Кангелдиев бұл оқиға өзіне дейін болғанын айтып, жеке басын жауапқа тартуға себеп жоқ дейді. Оның айтуынша, туға қатысты жанжал, Маразыковты жұмыстан шығарғаннан кейін орын алған.

Қырғызстанның мемлекеттік туы 1992 жылдың 3 наурызында қабылданды. Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға заңға сәйкес, 10 мың сомнан (50 мың теңге) бастап айыппұл салынып, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590