Жұма, 29 Наурыз 2024
Алашорда 9495 0 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 10:44

Жүсіп ата кесенесі

Жүсіп ата кесенесі жергілікті маңызы бар ескерткіш. Түркістан қаласынан 25 шақырым қашықтықта, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан сәулеттік құрылыс. Координаттары: 43˚10.682΄, 068˚32.082΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 233 м. Кесене Иқан каласы қирандысынан 500 метрдей оңтүстік-шығыста орналасқан, бұрын мұнда ешкандай археологиялық зерттеу жүргізілмеген, тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жүргізілген болатын. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №632 санды нөмірімен енгізіліп, мемлекет қарауына алынған. Жалпы қорғау аумағы 1,5 га.

Жүсіп атаның өміріне қатысты деректерді саралай келе, ХІІ ғасырда өмір сүрген діни тұлға екендігі анықталды. Ол туралы толық деректер көп сақталмаған. Аңыз, әпсаналар мен жергілікті көнекөз қариялардың айтуларына жүгінуге тура келеді. Жүсіп атаны жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп те атайды. Оның мәнісі «Аллаға ғашық» дегенді білдіреді. Ол Қожа Ахметтің замандасы, шәкірті, тағы бір аңызда жиені болып есептеледі. Жүсіп ата көзі тірісінде әулиелік дәрежеге жеткен. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауи бірде Жүсіп атаның үйінде болып «Сенің төртінші ұрпағың Камалиддин шайық керемет зор әулиелікке жетеді», - дейді. Сол Жүсіп атадан тараған ұрпақтары Камалиддин, Сүлеймен, одан Омар, Жиен, Сыддық деген ұрпақ қалады. Жиеннен Иқан Қожа, одан Ата қожа, одан Шарафуддин тарайды.

Жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, Жүсіп ата кесенесінде 1930 жылдары діни кітаптардың өте көп сақталғандығын тілге тиек етеді. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнағаннан соң біршама кітаптар өртенгендігін жергілікті халықта растайды. Алайда кесене ішінде жерленген тұлғалардың құлпытастары толық сақталған. Олар: Сабыр ата, Құрбан ата, Жүсіп ата, Халил ата (Жүсіп атаның ұлы), Ибраһим ата, Әбдіжалил ата, Асан ата, Әбді Әзиз ата құлпытастары. Кесене ішіндегі жерленген тұлғалар «Жүсіп атаның ұрпақтары немесе шәкірттері болуы», - тиіс деген тұжырымға келдік.

Аңыз-әпсана жинақтаушы О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» деген еңбегінде Жүсіп ата кесенесі ХVІ ғасырда тұрғызылған және кесене бұзылып қалған соң жергілікті халықтың қаржысымен 1905 жылы қайта тұрғызылған деген дерек кездеседі. 2007 жылғы жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ғалымдар кесене құрылысында пайдаланылған кірпіштер 27х27х5 см, ешбір патша кірпіші екені байқалмайтындығын, сонымен қатар портал пилондары мен жоғары шығатын баспалдаққа пайдаланылған ағаштардың аса көнелігі ХХ ғасырда қайта тұрғызылды деген болжамға сәйкес келмейтіндігін атап өткен. Жүсіп ата кесенесі екі бөлмеден жалпы ұзындығы 22-23 м, ені 12,87 м. Зияратхана бөлмесінің ішкі өлшемдері 9,24 мх9,21 м, құрайды. 2008 жылы Жүсіп ата кесенесіне толық  реставрациялық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Түркістанға әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да Жүсіп ата кесенесіне арнайы барып, зиярат жасайды.

Берік Қыстаубайұлы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553