Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 20745 41 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 10:24

Қытайдан келген жігіттің ескертуі

WhatsApp арқылы келді. Авторы белгісіз. Соңына дейін оқыңыздар.

Бұл – шын болған оқиға. Бүгінде Алматыда тұратын Қытайдан елге оралған бауырымыз бұл әңгімені көзіне жас ала отырып айтып берді: Мен өте үздік оқыдым. Соның нәтижесінде Пекиндегі бір жоғары оқу орнына емтиxансыз қабылдандым. Ол жерде бір-екі жыл қытай тілінен қиналсам да, артынан бәрін басып оздым. Республикалық студенттер олимпиадасы, xалықаралық студенттер олимпиадасы секілді жарыстарда топ жарып жүрдім. Сабағым да, спортым да үздік болған соң, маған қытай қыздары өліп-талып жабысты. Бойым ұзын, сүйегім ірі еді. Олар маған сан түрлі айла-шарғылар қолданды. Мен бәріне пысқырып та қарамадым. Тіпті шәйіме қоздырғыш дәрі қосқан кездері де болды. Онда да сүрінбей өтіп кеттік. Сөйтсем, мұның барлығы жоспарлы түрде істелген жұмыстар екен.

Пекинде бишілерді дайындайтын «Пекин би институты» бар. Онда кілең сұлу қыздар оқиды. Көбісі бастықтар мен байларға бәйбіше-тоқал болып кетеді. Сол институттың сұлулары неге мені жағалап қоймайды десем, артында үлкен гәп бар екен ғой...

Демек, бәрі де арнайы жоспармен, арнайы тапсырмамен болған екен. Оқуымды беске оқығаныма қарамастан, маған диплом бермей қойды. Айтпақшы, тұтас сыныптағылардың бәрінің шетелге шығатын паспортына тимегенде, менің паспортымды алып алды. Сұрасам – не дипломды, не паспортты бермейді. Мен ештеңенің байыбына бара алмай, Пекинде жүрдім де қойдым. Дипломсыз үйге қайтқаннан өлім жеңіл.

Бір күні мені университеттің ішіндегі сақшы мекемесі шақырды. Бардым. Мен көрмеген біреулер мені тергеді. Қытайдың Ұлттық қауіпсіздік мекемесінің адамдары екен. Маған бірден барлығын ашып айтты. Мені қызметке алмақ екен. Мен бас тарттым. Себебі менің арманым – Қазақстан болатын. Алматы мен Астананың көшесін сыпырсам да разы едім. Ең бастысы – ата-анам бұл кезде әлдеқашан Қазақстанға қоныс аударып үлгеріп еді.

Қытайлар мені екі апта айналдырды. Мен сөзімнен қайтпадым. Өз құқымды айтып, заңды көлденең тартып, тұрып алдым. БҰҰ конвенцияларында отбасы мүшелерінің бір елде өмір сүру құқы кепілдендірілген ғой. Соны айттым. Ақыры олар да жалықты. Ең соңында мені ақ xалат киген бір топ адам келіп, әлгілердің мекемесінен алып кетті. Олар маған ашығын айтты. Егер мен олардың айтуы бойынша спермамды берсем, онда диплом да, паспорт та беріледі. Мен бірден келістім. Себебі сперманы бірінші курстан бастап, барлық сыныптастарымыз міндетті түрде беріп келгенбіз ғой. Ол өзі сондай заң болатын. Сыныптағылардың бәрі мен секілді миллионнан іріктелген сайдың тасындай жігіттер еді. Сөйтіп олар мені ет, жұмыртқа, балықпен бақты. Күніне 3–5 уақ тамақ. Үш күнде бір рет сперма беру...

Үш айдан соң олар мені босатты. Паспортым да, қызыл дипломым да қолыма тиді. Сенесіз бе, Қазақстан визасы да жапсырылған...

Мен аң-таңмын. Ең ғажабы – олар маған сол күнгі Пекин – Алматы ұшағының билетін беріп тұр. Өңім емес, түсім секілді. Қазақстанға, ата-анама жете алмай қаламын ба деп әбден уайымдап едім. Олар әуежайға шығарып салды. «Сені бағып-қаққан, оқытқан ұлы Қытай елін тәркі еткеніңмен, сенің он мыңға жуық ұрпағың, өз төлтума балаң осы ел үшін қызмет ететін болады. Қазірдің өзінде сенің жүз шақты балаң бар екенін біз саған сенімді түрде айтамыз», – деді...

Қытайлар біздің бүкіл биологиялық көрсеткіштерімізді ұзақтан бері зерттеген ғой. Онысын денсаулық үшін дейтін. Қысқасы, ақыл-ой өремізге дейін сынақ жасап, IQ көрсеткіші ең үздік мені мыңнан бөлектеп алыпты...

Бұл құпиямды өле-өлгенше ішімде сақтармын деуші едім. Шындықты айтуыма себеп болғаны – Қытайдың жуырдан бері қазақтарға бағыттаған күрт өзгерген саясаты болып отыр. Қытайлар 2017 жылдан бастап, тұтас Шыңжаңдағы xалықтың биологиялық ақпараттарын жүйелі түрде жинай бастады. Саусақ бедері, қан көрсеткіштері, көз суреті, ДНК ақпараттары – бәрі-бәрі алынуда. Бұл үлкен қауіп. Олар мұны Мемлекеттік қауіпсіздік үшін пайдаланамыз дегенімен, бұның ар жағында сұмдық үлкен, зор мақсаттар жатыр. Олар осы арқылы бүйрек, бауыр саудасын өркендетуі мүмкін. Онсыз да Қытайдың бүйрек-бауыр саудасы тұтас әлемді үрейлендіріп отыр. Ақаусыз бір бүйрек – 200 мың доллар, бір бауыр – 300 мың доллар.

Қытайлар онсыз да қазақтарды жаппай түрмелеп, абақтылап жатыр. Кей ауылдарда шал-шауқан, ауру-сырқаудан басқа есі дұрыс еркек тұқымы қалмаған. Бәрі әлгі аты жаман «саяси үйрену» деген, аты басқа болғанымен, заты түрме орталықтарға, лагерьлерге қамалған! Оларды ешқандай себепсіз, сотсыз қамай беруге шексіз билік беріп қойған. Мүмкін, олар осы арқылы биологиялық қару жасайтын шығар?! Оны бір құдай білер.

Қазақтың имамдары мен молдалары жаппай абақтыға, түрмелерге жабылып болды. Алды ұзақ жылдарға сотталып кетті. Мұсылмандар – жаназасыз, мәйіт – суынсыз жерленетін болды.

Қамауға алу үшін еш сылтау керек емес. «Сенің идеяңда ауытқушылық бар, сен Қазақстанға барып келгенсің. Енді біз сені руxани сауықтырамыз», – дейді. Соның өзі жеткілікті. 95 пайыз қазақтың шетелге шығатын паспорты біртұтас жинап алынған. Шетелге, сырт көзге көрсету үшін өте аз санды адамдарға ғана паспорт берілген. Қазақтың ұл-қыздарын ішкі қытай өлкелеріне апарып, оқытып жатыр. 13–15 жастағы өрімдей ұл-қыздарды қазақы болмыстан жұрдай қылып тәрбиелеуде. Қазақстанға келіп-қайтқандар жаңағы лагерьлерге қамалуда. Бала-шағасын Қазақстанға жібергендердің алды сотталып кетті. Мешіттер шағылуда. Сотталудан, «саяси үйрену» орталықтарына қамалудан аман қалған имамдардың өзі қатаң бақылауда.

Қытайдың заңды Ислам институтын бітіріп, компартияның заңды қызмет бөлісімен, заңды рұxсатпен имам болған азаматтар соңғы үш жылда жаппай сотталып кетіп жатыр. Ауылдардағы мешіттер имамсыз қалды. Көп мешіт шағылды. Қайтыс болған қазақтарды мұсылман дәстүрінше жерлеуге тыйым салынды. Оның мән-жайы былай: Қытайдың былтыр шыққан «мұсылманша жерлеу заңы» бойынша, арнайы үкіметтік рұқсаты болмаған адамдардың жаназа шығаруға, құран оқуға, құран қатым түсіруге құқы жоқ. Аталмыш заңда имамдардың өз ауылынан тыс жерлерде діни рәсімдерді орындауына басы бүтін тыйым салынған. Демек, аттам жердегі көрші ауылдың имамы сотталып кетсе немесе аталмыш «саяси үйренуге» кетсе, онда ол ауылда қайтыс болған мұсылманды өзге ауылдың имамы келіп жерлей алмайды. Имамдық куәлігі жоқ кез келген мұсылманның жерлеу рәсімін орындамақ түгілі, құран оқуының өзі «заңсыз діни қарекет» деп бағаланады әрі сотталады.

Қытай Қазақстанды қауіпті 26 елдің қатарына қосып қойған. «Балқашқа дейінгі жер – Қытайдікі» деп, ашық уағыздайтын болды. Қытайдағы қазақты отқа қақтап жесе де, суға пісіріп жесе де, қақымыз болмай отырған мынау сұмдық, безбүйрек сәтте мен Қытайдан келген бір қазақ ретінде Қазақстан қоғамын қытайдан сақтануға шақырамын.

Біз тас санасақ, олар құм санайды. Қазақ елі әскерін күшейтсін. Ойын-тойды азайтып, шекара аймақтарда әскери қамалдарды, қалашықтарды молайту керек. Ел ішіне ендеп кірген қытай жансыздарын анықтау қажет. Қытайлармен тым жақын қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер қатаң бақылауға алынуы керек.

Қысқасы, Қазақстан көзін ашып, есін жинағаны абзал. Қытайда оқып жатқан 20 мың қазақстандық студентті қатаң сүзгіден өткізуге тиіспіз. Мемлекеттің рұқсатынсыз әркім өз бетімен Қытайға барып оқи беретін бей-берекеттікті тоқтатуын, қытай тілін үйрететін оқу орындарын қатаң сүзгіден өткізіп, Қытай қаржысымен ашылған оқу орындарын жабу керек. Қытайға тым жақын қазақстандық этникалық азшылық қауымдарды да қатаң бақылауға алуға тиіспіз. Тұтас Қазақстанға қауіп төніп тұрғанын әрбір қазақ білуі керек әрі мемлекеттік һам ұлттық деңгейде сақтануға тиіспіз!

  • Бұрынбай Болатбектің ФБ-парақшасынан алынды
  • «Общественная позиция»(проект «DAT» №3 (415) от 25 января 2018 г.
41 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604