Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 3675 3 пікір 10 Ақпан, 2018 сағат 15:28

Рухты, текті, батыр қазақ бүгінде күн көрістің қамымен жүр

Еліміздегі біраз ауылдарды араладым. Көптеген ауылдардың проблемалары ұқсас. Жолы нашар, көптеген салалары жемқорлыққа толы, білім сапасы, медицина, интернет т.б. Осындай шешімі табылмаған мәселелерден соң, қазақ туған жерін тастап (кей ауылдар қаңырап бос қалуда), қала маңын паналауға мәжбүр болып отыр.

Қалаға келген қазақты құшақ жайып қарсы алып жатқандарды да көріп отырғанымыз жоқ (ауылдан келген жастармен қалада емес бірінші ауылда айналысу керек). Ақшаны өзінен де қатты жақсы көретін алаяқтар ауылдың аңқау қазағын алдап соғуда. Рухты, текті, батыр қазақ бүгінде күн көрістің қамымен жүр. Осыларды көріп отырған атқамінер ағалар тез арада ауылдарға көңіл бөлуді бірінші орынға қоюы қажет.

Ол үшін қалаларға бөлініп жатқан қыруар қаржының бір бөлігін ауылдарға жұмсау керек. Мысалы: жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға көп қаражаттың қажеті жоқ. Концертті Мәдениет басқармасы ұйымдастырсын, саясатты Ішкі саясат басқармасына берсін, массовканы университеттер мен колледждер ұйымдастыра алады.

Қорыта айтсақ, талай тауқыметті басынан өткерген қазақ бұл сыннан да өтетіні анық. Ертерек өту үшін нақты жұмыстармен тездетіп айналысу керек.

Берік Ағыбаев

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір