Сейсенбі, 24 Сәуір 2018
505 0 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:57

Қазақстан Венгрияда бокс турнирінде жеңіске жетті

Қазақстанның бокстан құрама командасы Венгрияда өткен "Иштван Боскайды еске алу" халықаралық турнирінде үш алтын, күміс, қола жүлдесін жеңіп алып, жалпы командалық есепте жеңіске жетті деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы. Турнир Венгрияның Дебрецен қаласында 7-10 ақпан аралығында өтті.

Жарыс финалында 56 келіге дейінгі салмақта Илия Сүлейменов чехиялық қарсыласы Мирослав Гороляны жеңді. 64 келі салмаққа дейінге жастар арасында Азия чемпионы Саматәлі Толтаев Моңғолиядан келген Чинзориг Баатарсукаға тойтарыс берген. Асланбек Шымбергенов (69 келі) финалда венгрлік боксшы Андрас Вадашты жеңген.

Боскай турнирінде күміс жүлдені (91 келі) Айболды Дәуренұлы, қола жүлдені Абай Төлеш (75 келі) алды.

Кезекті 62-турнирге әлемнің 23 елінен 158 боксшы қатысқан.

Иштван Боскай атындағы турнир Венгрияда 1956 жылдан бері өтіп келеді.

Abai.kz

0 пікір