Жұма, 23 Ақпан 2018
344 2 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:32

БАҚ: Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

Ресей әскерилері Қарағанды облысының Сарышаған полигонында зымыраннан қорғаныс жүйесін кезекті рет сынап, зымыран ұшырды деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная звезда» басылымы. Сынақ зымыраннан қорғаныс жүйеcін модернизациялау бағдарламасы аясында жасалды.

Ресей әуе-ғарыштық күштері әуе шабуылынан және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько сынақтан соң «жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсіргенін» айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді, бірақ жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесінің тактикалық және техникалық мүмкіндіктері «қолданыстағы қарудан әлдеқайда асып түсетіні» айтылады. Басылым Сарышағанда сыналған зымыраннан қорғаныс жүйесі Мәскеу түбіндегі Софрино полигонында орналастыру жоспарланып отырғанын жазды.

Abai.kz

2 пікір