Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3195 1 пікір 16 Ақпан, 2018 сағат 08:38

Эмомали Рахмон өз есімімен аталатын сыйлық тағайындады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Ұлт көшбасшысы – Эмомали Рахмон» деп аталатын мемлекеттік сыйлық тағайындады. Сыйлық демократияның дамуына ерекше үлес қосқан Тәжікстан азаматтарына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға беріледі.

Сыйлық «Ұлт көшбасшысы – бейбітшілік пен келісім негізін салушы туралы» заңның негізінде тағайындалған. Бұл заң бойынша, аталған сыйлықпен қатар «Ұлт көшбасшысы» орденін белгілеуге, ұлт көшбасшысының мұражайын, кітапханасы мен мұрағатын құруға мүмкіндік бар.

Сыйлық иегеріне төсбелгі мен 125 мың сомони (14 мың доллардан астам) көлемінде ақшалай жүлде беріледі. Төсбелгіде Эмомали Рахмонның алтын жалатылған бедерлі бейнесі салынады.

Тәжікстанды ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонға 2015 жылы парламент ұлт көшбасшысы деген мәртебе берген.

2016 жылы Тәжікстанда конституцияға Рахмонға президент сайлауына тағы да түсуіне ерекше құқық беретін түзетулер енгізілген.

Тәжік билігінің саясаты Рахмонды Тәжікстанды тәуелсіздік алған соң басталған бес жылдық азамат соғысында бейбітшілікке жеткізген құтқарушы сипатында насихаттайды. Бірақ Рахмон билігін сынайтындар оның режимін адам құқығын үнемі бұзады деп айыптайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499